Бір балаға 4 миллион: Қазақстанда ана капиталын енгізу ұсынылды

417

1

Депутаттар Қазақстанда ана капиталын енгізіп, бала дүниеге келгенде 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың 15,6 пайызы ең төменгі деңгейдегі отбасында тұрады. Бұл миллион кедей бала бар деген сөз. Отандық зерттеушілердің пікірі бойынша, көпбалалы отбасылар кедейліктің факторына айналып жатыр. Кедейлердің 80 пайыздан астамы бес немесе одан да көп адамы бар отбасында өмір сүреді. Статистикаға сүйенсек, біздің елде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар», – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов.

Ерлан Смайлов бір, екі немесе үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әкенің де қиындықтары бар екенін, бірақ әлеуметтік қолдауға мұқтаждар санатына жатпайтынын айтты. Елде мұндай отбасылардың саны 500 мыңнан көп болуы мүмкін және олардың басым көпшілігі – жалғызбасты аналар.

Ол елдің премьер-министрінен ана мен баланы қорғауға және қолдауға бағытталған барлық шараны ревизия мен талдау жүргізуді және олардың нәтижесін бағалауды сұрады.

«Елімізде әрбір туған бала үшін қазақстандықтарға 4,2 миллион теңге мөлшерінде мемлекеттік төлем түрінде ана капиталын енгізу орынды. Осы қаражатты мақсатты пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға және отбасының тұрғын үй жағдайын, балаға білім беру, анасының зейнетақы жинақтарын жақсартуға болады», – деді депутат.

Пікірлер:

Әсемкүл үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау