БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ШАТ КҮЛКІ СЫЙЛАДЫ

47

0

Отбасы тәрбиесінен тыс қалған жеткіншектер мен тұрмысы
төмен, көп балалы отбасы балаларын қамқорлыққа алып, қолдау көрсету мақсатында
Елбасының тапсырмасынан бастау алған «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру
елімізде дәстүрге айналып келеді.

Жас өскіндерге қолдау көсетуге бағытталған халықтық
сипатқа ие шара биыл Қазалы ауданындағы барлық білім ошақтарында ұйым­дастырылды.
1 қыркүйек – Бі­лім күні «Ойынды» бастауыш мектебінде осындай «Балаға мейі­рім
сыйла» ұранымен өткен шараға Қазалы стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің
қызметкерлері арнайы барып, бүлдіршіндерге сый-сияпат жасалды.

Бастауыш сыныптардың Айым Жаңабайқызы мен Күмісбек
Жаңабайұлы, Нұрлан Ерімбетов сияқты
үлгілі оқушыларына желілік полция бөлімшесінің қызметкерлері оқу сөмкесі,
құрал-жабдықтарын тарту етті.

Қоғамдық мәні зор шараға қатысқан Бақыткүл Бекетова
мен Сайра Балтөреева балаларына көрсетілген қолдауға аналық алғыстарын
жеткізді.

Мұхтар МҰРАТБАЕВ,

Қазалы стансасындағы желілік
полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік
инспекторы, полиция капитан
ы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз