БҮЛІКШІЛЕРДІҢ КӨЗДЕГЕНІ НЕ?

52

0

Күні кеше көршілес жатқан Ақтөбе қаласында орын алған
оқиғалар бәрімізге де ауыр тиді. Осы орайда, жапа шеккен отбасыларының
қайғыларына ортақ екендігімізді білдіреміз.

 

Бұл оқиғаға дін атын жамылған радикалды топтардың
қатысы барлығы айтылуда. Оған себеп не болуы мүмкін? Кез келген әлемдік
діндердің негізі киелі кітаптарында, Қасиетті Құранда зорлық-зомбылыққа
үндемейтіндігі, бейкүнә жандарды өлтіруге жол бермейтіндігі баршамызға белгілі.
Елімізде әр үш жыл сайын өткізіліп жатқан Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің
съезінде мәртебелі дінабасылары зорлық-зомбылықтың кез келген түрі дінде
қошталмайтындығын айтып, оған қарсы тұруға барлық адамзатты бір ауыздан
шақырған болатын.

Десек те, өкінішке қарай, дін атын жамылған жекелеген
топтардың әрекеттерінен әлемде күнделікті қаншама мемлекеттер мен бейбіт
тұрғындар жапа шегуде. Таяу Шығыс пен Араб елдерінде, Пәкістан мен Ауғанстанда,
Ирак пен Сирияда, бауырлас Түркия мемлекетінде, сондай-ақ, Еуропа елдерінде де
лаңкестік әрекеттер орын алуда.

Біздің елімізде қоғамның қауіпсіздігіне, елдің
бірлігіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттердің алдын алуға тиісті
Бағдарламалар қабылданып, қажетті шаралар жүргізілуде.

Алайда, Ақтөбеде орын алған оқиғаның біздің елімізге
де діни радикализмнен қауіп барлығын көрсеткендей. Қасиетті Рамазан айының
қарсаңында дін атын жамылған топтардың Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиғаға
қатысты болуы өте өкінішті. Діни білімді ресми орындардан емес, керісінше
ғаламтор мен жеке тұлғалардан алатын азаматтардың радикалды ұйымдардың
ықпалында қалары сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі күн баршамызға діни сауатты
болуды, діни білімді үйренуде аса мұқияттылықты қажет етеді.

Қазір елімізде барлық мемлекеттік ұйымдар, діни
бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері Ақтөбедегі оқиғаларды талқылауда. Бізде
діни нанымды өз мақсаттарына бұрмалап, қоғамда бүлік тудыруды айыптаймыз.
Қоғамды әсіресе жастарды радикалды ұйымдардан сақ болуға шақырамыз.

Б.Камалов.

Қызылорда
облыстық ішкі саясат басқармасының

Дін
мәселелерін зерттеу орталығы КММ-ның директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз