БІЛІМ БАҒДАРШЫЛАРЫНА БАҒЫТ БЕРДІ

41

0

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. 
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.
Биылғы Жолдаудың білім саласы үшін маңызы зор. Бұл осы салада еңбек етіп жүрген азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктеп, педагог мамандардың шығармашылық жолындағы ізденісін одан әрі арттыра түсуіне мүмкіндік жасағандай. Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» дейді. Біздің мектеп ұжымы осы мақсатты дұрыс түсініп, оқушылардың үш тілді терең меңгеріп, жан-жақты білім алуына жағдай жасауға мән берген. Техникалық мамандықтарды таңдауына түсіндірме жүргізілуде. 
Айгүл ТӘЖЕНОВА,
№141 Қапан Сәбиров атындағы орта мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Шиелі ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз