БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

45

0

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақ тілінің маңызы жайында тоқталып өтті. Тіліңді жоғалтқаның, ұлтыңды жоғалтқаның демекші, ең бастысы қазақ тілімізді қалай сақтасақ, еліміздің хал – ахуалы да соған қарай бейімделеді. Өз елімізде жүріп ана тілімізде сөйлегендерді кемсітіп, ана тілімізде пікір айтуға қысылуымыз ұят. Қалада болсын, аудандық жерлердің өзінде жарнамалардың, дүкендердің, көше атауларының қате жазылуы тілімізге бей – жай қарайтынымыздан хабар береді. 
Міне, осындай жағдайларға байланысты Елбасымыз қазақ тілі жайында мәселе көтеріп, көптеген жағдайларға тоқталды.  Мемлекеттік тілді оқытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлініп, 57 қазақ тілін үйрететін орталықтар ашылды. Ғаламтор жүйелері, ұялы телефондарға, техникалық құралдарға қазақ тілі енгізілді. Осындай қуанышты жағдайлар жалғасын таба берсе, тіліміз шұбарланбай, таза тілге  айналарына сенімдімін. Ана тіліміз мәңгілік болса, еліміз де мәңгі жасай берері даусыз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің сапалы дамуына әсер етуші негізгі факторлар білім мен денсаулық екендігі жайлы да айтып өтті. Жолдауда азаматтарымыздың денсаулығын қорғау бағытында көп тапсырмалар берілді. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қызмет түрлерінің бірыңғай стандарттарын енгізуге, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына баса назар аударды. Негізгі басымдықтарды да атап көрсетіп берді. Бүгінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында денсаулық сақтау мәселелері бойынша нақты айқындалған мақсат-міндеттер орындалып, өз жемісін беруде. Бағдарламаны іске асыру аясында  алысқа ұзамай-ақ, өз ауданымыздағы жаңадан ашылған емдеу орындарын айтуға болады. Онда білікті мамандар еңбек етеді. Негізгі мақсат – тұрғындарға аталмыш бағытта медициналық көмек көрсету. Сондай-ақ, медицина саласында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп, дәрігер мамандарға сараланған еңбекақы жүйесін тағайындау мәселесі шешілуде. Емделушінің дәрігер мен стационарды өз еркімен таңдау құқығы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің ұлғайтылуы, тағысын-тағылар алдыңғы Стратегияда көрініс тапқан болатын. Біз бүгінде сол айтылған тапсырмалардың іс жүзінде орындалғанына куә болып отырмыз.
Нәзира Өтетілеуова,
№46 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Шиелі ауданы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз