БӘРІ ДЕНСАУЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

49

0

Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жоспары аясында, «Денсаулық фестивалін» өткізу тұжырымдамалары негізіндеҚармақшы ауданы Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназияда «Туберкулез тоқтатылсын» ұранымен «Денсаулық апталығы» өтті.

Денсаулық апталығының басты тақырыбы салауатты өмір салты мәдениетінің әртүрлі қырлары, яғни, дене қимылының белсенділігі, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұру және жолда қауіпсіз жүріп-тұру болып табылады. Апталық бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда алдын ала жоспар құрылып сол бойынша әр сынып өз қабырға газеттерін шығарды. Сынып жетекшілері «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік», «Ас адамның арқауы», «Шынықсаң, шымыр болар­сың», «Күлкі – денсаулық іргетасының бірі», «Зиянды әдеттерден аулақ бол», «Денім сау бол­сын десең…» атты сынып сағаттарын өткізді.

Сонымен қатар, кенттегі жаңа мектептің бірі №269 орта мектепте денсаулық апталығына сай «Денсаулыққа жеті қадам” акциясы өтті.

Акция бойынша мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, түрлі спорттық сайыстар мен ойындарға белсене қатысты. Ұлттық ойындар мен көңілді старттар да жеңіске жеткен оқушылар білім ошағы атынан марапатталды.

Нұрбек САҒАДАТ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз