Бірдің емес көптің ісі…

90

0

Бірдің емес көптің ісі…

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің
бірі болып табылады. Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі қоғамның мүшелерінің көбінің ойы материалдық пайда табу, қолдарында тұрғанда қоныштарынан басып, өзінің әл-ауқатын одан сайын жақсарту. Сондықтан, ең бірінші, адамның сана-сезімін, мінез-құлқын өзгерту қажет. Құқықтық насихат жұмыстарын әлсіретпей, жоғары деңгейде жалғастырған жөн. Жастарымызға мектеп және жоғары оқу орындарының қабырғасында біліммен қоса, дұрыс тәлім-тәрбие беріп, имандылыққа, адалдыққа, патриоттық сезімге баулу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бірдің емес, көптің белсене атсалысатын ісі. Осы мақсатта облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында қызметкерлер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Осындай мақсаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жалғасын таба береді.

С.Көзейбаев,

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз