БІРЛЕСКЕН ІС БЕРЕКЕЛІ

60

0

Сырдария ауданы бойынша салық басқармасы2014 жылдың 1-сәуірі мен 1-шілдесіаралығында жария­ланып отырғанакцияға байланысты аудан халқын са­лық базасын ұлғайтудажүргізіліп жатқан шараларғабір­кісідей атсалысуға шақырып, жақында Тереңөзек кенті орталығында флеш-моб іс-шарасын ұйымдастырды.

«Көлеңкелі экономикаға Халық пен Салық қызметі қарсы» акциясы іс-шарасына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, аудан, кент әкімдігі, аудандық ішкі істер, ішкі саясат, аудандық оқу бөлімдері тарапынан қолдау көрсетілді.

«Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің меңгерушісі Е.Жақыптың ықпал етуімен мектеп оқушыларын флеш-мобіс-шарасына жұмылдырып, кенттің орталық көшелерінде, халықтың назарынөздеріне неше түрлі би билеу қимылдарымен аударды. Жолаушы тасымалдаушы жеке тұлғаларға, кент орталығындағы сауда орталықтарына, жүргінші халықтарға салық органына тіркелу міндеттілігі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою,РОS-терминалдарды қолдану,бақылау-касса машина­ла­рын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету жағдайы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылату, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жөніндегі дайындалған буклеттері мен үндеу қағаздарын таратып іс-шараны жариялауға біркісідей атсалысты.

 

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Сырдария
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз