БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЕЛДІКТІҢ ӨРІСІ

47

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен
Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында барлық аудан мен қала мектептері, жоғары
және арнаулы оқу орындарында кездесулер мен жиындар ұйымдастыруда. Осы орайда
Жаңақорған ауданында «Татулық, бірлік, келісім – ең асыл құндылық» атты кездесу болып өтті. Оған облыс әкімі
аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның басшысы Уәлихан Ыбраев, түрлі сала
мамандары және өзге ұлт өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Уәлихан Ыбраев «Үлкен Ел – Үлкен
Отбасы» жалпыұлттық жобасының мақсаты жайында кеңінен айтып берді. Сан ұлтқа
сая болған қазақ елі татулық пен бірлік, ынтымақты ту етіп келеді. У.Ыбраев жиында ел тұтастығына арналған
шараларға қатысып жүрген азаматтарды марапаттады. Одан әрі Жаңақорған ауданы бойынша ұлтаралық
қатынастар жөніндегі эксперті Б. Өтебаев өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында
баяндады. Сонымен қатар ел ағасы З. Шермағанбетов, №7 жасөспірімдер спорт
мектебінің аға жаттықтырушысы И. Изатов өз ойларын ортаға салып, ұлттар достығының
беріктігін сөз етті.

Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Ә.Төлегенов қорытып, осы бағытта ауқымды жұмыстар әлі де атқарыла беретінін
жеткізді. Кездесу соңы аудандықөнерпаздардың концерттік
бағдарламасына ұласты.

***

ҚР Тәуелсіздігінің25 жылдығына орай Қазалы
ауданының М.Горький атындағы №16 орта мектебінде жалпыұлттық жобаны түсіндіру және насихаттау мақсатында
«Татулықты ту еткен – тәуелсіз ел Қазақстан» атты кездесу ұйымдастырылды. Оған
аудандық этнос өкілдері, аудан әкімінің орынбасары У. Ихлатов,
«Бірлік-Единство» этно-мәдени қоғамдық келісім бірлестігWі, мұғалімдер мен
оқушылар қатысты.

Шараны«Қоғамдық келісім» орталығы басшысының орынбасары Рахима Ахметова ашып, жобаның маңыздылығына
кеңінен тоқталып, Елбасының «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасының
жүзеге асырылуын, соның ішінде «Біртектілік пен бірлік» атты бағытына тоқталды.
Сонымен қатар жобаның орындалуына белсене атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ, шарада көпшілік назарына көрме ұсынылды.
Онда кітаптар мен түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлерінен
хабар беретін құнды дүниелер қойылды.

Мұнан кейін «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық келісім бірлестігінің
төрайымы Нафиса Жұма және бірлестік мүшесі Ирина Галиулина марапатталды.

Кездесу соңында түрлі ұлт өкілдерінің ән мен биі
орындалды.

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз