«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

149

0

«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша іс-шаралар жобасының шеңберінде өткізілетін, «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» атты Қазақстан  Республикасының тарихындағы алғашқы конкурсының басталуы жарияланып, бұл конкурс қазан айына дейін жалғасын тапты. Бұл шараның мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдануға қоғамдық назарды аудару. 
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған байқау 10 номинация бойынша өтті. Оның ішінде «Үздік студент», «Кәсібінің үздігі», «Үздік би», «Ақылдылар», «Үздік жасампаз», «Алтын қауырсын», «Ең тату отбасы», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік орындаушы» және «Үздік спортшы» номинациялары бар. 
Байқауға республика бойынша 6 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, олардың 339-ы жүлделі орындарға ие болды. Қызылорда облысы бойынша «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» атты бірінші республикалық байқауға «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша Әбілқасымов Нұрмұхаммед (Сырдария ауданы), Әбдібек Әсел Серікбекқызы (Қызылорда қаласы), Жақсылық Нұрхан (Жаңақорған ауданы), «Үздік би» номинациясы бойынша Қызылорда қаласындағы №6 құлағы нашар еститін балалардың арнаулы (түзету) мектеп-интернатының естімейтін балалардан құралған «Балауса» бишілер тобы, «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша Джумадилаев Мурат Алимбаевич (Қызылорда қаласы) «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша Нуштаев Максим (Шиелі ауданы), Мағауияұлы Шайхы-Ислам (Арал ауданы), «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша: Сауранбек Айзада (Шиелі ауданы), «Балауса» вокалдық тобы, №6 құлағы нашар еститін балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері» (Қызылорда қаласы), Тажединова Жеңіскүл Бахытқызы  (Арал ауданы), «Үздік студент» номинациясы бойынша Ержан Гүлфариза Темірханқызы (Мәншүк Мәметова  атындағы гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті), «Кәсібінің үздігі» номинациясы бойынша Шуетов Мирамбек Омарұлы (Қызылорда қаласы), «Ең тату отбасы» номинациясы бойынша Нұртай Айбалта Ғалымжанұлы (Қазалы ауданы), барлығы 21 мүмкіндігі шектеулі адам қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтатын болсақ, «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша Әбілқасымов Нұрмұхаммед Қанатбекұлы І орынды иеленді.  
Нұрмұхаммед Қанатбекұлы 1978 жылдың 19 желтоқсанында Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Жасынан-ақ денсаулығында кінәрат бары сезіліп, ДЦП ауруының ауыр түрі диагнозы қойылған. Құрбыларымен құлынтайдай тебісіп ойнамаса да, мектеп табалдырығын аттап, білім нәрінен сусындамаса да, ойы озық, санасы сезімтал бала өз бетінше сауат ашады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тағдырымның жанары» деп аталып, 2010 жылы жарық көреді. Нұрмұхаммед 2011 жылы өткен республикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Самғау» сыйлығының иегері, 2012 жылы Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты, 2012 жылы халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты.
«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» атты І республикалық байқауда оның шығармалары жоғары бағаға ие болып, бірінші орынды жеңіп алғаны үшін 350 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
«Ақылдылар» номинациясы бойынша Қасымбек Диас ІІ орынды иеленді.
Қасымбек Диас Жәнібекұлы 2005 жылдың 17 сәуірінде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бала кезінен мүгедек. Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы. Диас өте жігерлі, ақылды, көпшіл, білімқұмар бала. Облыстағы, мектептегі көптеген өткізіліп жатқан байқауларға белсене қатысып, дипломдармен марапатталған. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалінде «Көркем сөз оқу» бағытынан ІІІ орын иегері, мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалінде «Қолданбалы көркем өнер» бағытынан диплом иегері;
«Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер фестивалінің «Үздік өнер» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері;
Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласында өткен «Адам мен табиғат» халықаралық табиғаттану бойынша ойын байқауға қатысқаны үшін сертификат иегері;
Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы конкурста «Ақылдылар» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алғаны үшін 250 мың теңге сыйақы берілді.
«Алтын қауырысын» номинациясы бойынша ІІІ орынды Жақсылық Нұрхан иеленді.
Жақсылық Нұрхан 2002 жылы 12 тамызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Бала кезден 2-топ мүгедегі. Жанақорған ауданындағы №110 мектептің 5-сынып оқушысы. 
2008 жылы «Адамның бір қызығы бала…» атты мерекелік іс-шарада «Дарынды бала» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 2009 жылы «Біз бәріміз бірдейміз!» атты сайыста жақсы өнер көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды.
2010 жылы «Даму Қазақстан-2030» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «5 минуттық атақ» атты өнер сайысында жүлделі 2-орынды иеленді.
2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» атты сайыста бас жүлдені жеңіп алып, облыстық сайысқа жолдама алды.
Қызылорда қаласында өткен «Тәуелсіздік тартуы» атты сайыста көркем сөз оқудан 1-орынды иеленіп, Р.Таймановтың дипломымен марапатталды.
2012 жылы «Біз ерекше жандармыз» атты сайыста 1-орынды, «Ізгіліктің шам-шырағы болу керек әлемде» атты кеште «Өнерлі жігіт» номинациясын жеңіп алды.
2013 жылы Астана қаласының «Республикалық балаларды оңалту орталығында» өткен «Жігіттің сұлтаны» сайысында «Шешен жігіт», «Әнші балапан» ән байқауында белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы конкурста «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша 3-орынды жеңіп алғаны үшін   150 мың теңге сыйақы берілді.
«Үздік жасампаз» номинациясы бойынша Нуштаев Максим Сергеевич  ІІІ орынды иеленді.
Нуштаев Максим Сергеевич 2000 жылдың 18 маусымында Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Бала кезінен мүгедек. Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің 6-сынып оқушысы.
Республикамызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы конкурста «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша 3-орынды жеңіп алғаны үшін 150 мың теңге сыйақы берілді.
Байқау соңында конкурсқа қатысушылардың барлығына планшеттік компьютерлер сыйға тартылды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз