БІЗДІҢ СҮЙІКТІ ДӘРІГЕР

57

0

«Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтылмаған. Ауырған адамға ешқандай
дүниенің керегі жоқ. Оған жанына дәру болатын емші, яғни ажалға араша болатын
дәрігер керек. Ал, дәрігер өмір
сақшысы, олар – қолын жүрекке қойып, адам өмірі үшін күресуге ант берген
арашашы жандар.

Бірақ, дәрігердің де дәрігері бар. Ерінбей еңбек етіп, зор ізденіс
үстінде тәжірибе жинақтап, өз білгенін науқасқа арнайтын, үстіндегі ақ
халатындай кіршіксіз пәк жүректі абзал жандарды нағыз дәрігер деп білеміз.

Бүгін сондай жандардың бірі туралы айтпақпын. Ол адам қамын
ойлайтын, оның өміріне араша бола
білетін, жүрегі таза, пейілі кең, жаны жайсаң, үлкенге де, кішіге де бірқалыпты
орнықты мінез көрсете білетін жан – Сәрсен Олинова.

Сәрсен – ауырған адам үшін
ұйқысын қиып, дамылсыз еңбек етіп, адам денсаулығы үшін күресетін біздің ауылдың сүйікті дәрігері.

Ол аурудың алдын алып,
денсаулықты күтіп ұстау керектігін еңбектеген баладан, еңкейген кәріге
дейін жалықпай ескертіп айтатын жан.

Қай кезде болмасын науқастарды ілтипатпен қарсы алып, олардың шағымын
ықыласпен тыңдайды. Алдына барған әрбір жанға мейірім төге қарап,бар
ықыласымен емдеп, ақыл-кеңестерін
береді. Күн демей, түн демей қажет кезде науқас жанынан табылады.

Сәрсен – үйіне мезгілсіз келген науқастарды да қабақ шытпай қарсы алып, тиісті көмегін
көрсететін адал кәсіп иесі.

Дәрігер Сәрсен қарапайымдылығымен
бірге адалдығымен, орнықты мінезімен, еңбек сүйгіштігімен көп құрметіне
бөленуде. Ол көп ізденеді, көп оқиды, мамандығын үздіксіз жетілдіреді. Осындай
бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жан Сәрсен Олинованы
төл мерекесімен құттықтап, деніне саулық, отбасына бірлік, береке тілеймін.

 

Тұрар МАХАНОВА.

Нағи Ілиясов ауылы,

Сырдария ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз