ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМ – ӨРКЕНДЕУДІҢ БАСТАУЫ

40

0

Халық өсімі – мемлекеттің басты байлығы.
Сондықтан да демографиялық ахуалды тұрақты зерттеп отыру болашақ үшін өте
маңызды.

Соңғы деректер бойынша облыс
тұрғындарының ішінде басқа ұлт өкілдері, оның ішінде орыс азаматтары, немістер,
украиндықтар, татарлар мен белорустар кеміген. АҚШ, Канада, Австралия,
Германияға қоныс аударушылар саны көп. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа да
қалаларына кетіп жатқандар кездесіп қалады. Мұның бір себебі – аймақтың
экологиялық ахуалы. Бірақ, экологиялық ластанудың барлық жерде де жүріп
жатқанын ұмытпайық.

Бұрынғыдай емес, қазір экологиялық
қиындықтарды жеңілдету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. Адам қолымен жасалған апаттың зардабын жою
үшін қазынадан қыруар қаржы бөлініп, бірқатар жұмыстар қолға алынды. Өйткені
теңіз табанынан су кетсе де, жағалауынан ел кеткен жоқ. Кезінде апат ошағы
саналған аумақта ырғақты тірлік бар. Осыны одан әрі жалғастыру үшін «САРАТС»
жобасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады.

Осы жылдың 1 маусымына облыстағы халық
саны 745,6 мың адамды құрап. 2013 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 12,7 мың
адамға немесе 1,7%-ға артты. Қызылорда қаласы тұрғындарының саны 263311 адамға
жетті.

Ләззат
ЖАППАСБАЕВА,

география
пәнінің мұғалімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз