“ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ!”

63

0

Салауатты  өмір салтын ұстану  әрқайсысымыздың   дене тәрбиесімен  айналысуымызды, дұрыс тамақтануымызды, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызды қажет етеді. 
Мектепке дейінгі жас – адам денсаулығының қалыптасу кезеңі. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Яғни, осы кезде баланың өзіндік қасиеттері, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қызығушылығы және қабілеттері ашыла бастайды. Сондықтан, бала күннен қалыптасқан жеке бастың тазалығын сақтау әдеті болашақта әрбір адамның өз денсаулығына зор қамқорлықпен қарауға үйретеді. Сол себепті де, «Тазалық – денсаулық кепілі” деп бекер айтпаған. Осыған орай жуырда «Жауқазын” балабақшасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы!” атты апталық болып өтті. Шараны балабақша басшысы Бақыт Ысқақова ашты. Апталық барысында медбике Клара Әбдиева «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы!” атты баяндама оқыса, тәрбиеші М.Жүсіпбекова «Абайлаңыз, балақай!” тақырыбында балаларды түрлі қауіп-қатерлерден, жарақаттанудан сақтандыру үшін қауіпсіздік сабағын өткізді. Сондай-ақ, тәрбиеші М.Шегебаеваның ұйымдастыруымен «Балбөбек” тобында «Тазалықты сүйеміз – тіс тазалап жүреміз” атты ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаты, тәрбиеші А.Сейтенованың ұйымдастыруымен «Балдырған” тобында «Денсаулық – зор байлық” тақырыбында ертеңгілік өтті. Осындай түрлі шаралар арқылы жас балғындардың бойына салауатты өмір салтын ұстау, жеке бастың гигиенасын сақтау, жат қылықтардан аулақ болу секілді тағылымды тәрбие берілді. 
Клара ӘБДИЕВА,
«Жауқазын” балабақшасының медбикесі.
Жалағаш кенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз