Әділдік сенімді күшейтеді

101

0

Әділдік сенімді күшейтедіЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы дәстүрлі Жолдауында: «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет», – деген болатын. Қазақстандық сот жүйесінің бүгінгі даму процесі мемлекет басшысы тапсырмасының өз деңгейінде орындалуына кепіл болады деп сенеміз. Өйткені, соңғы өзгерістер осылай бағамдауға негіз болып отыр.
Еліміздегі сот жүйесі бес буындыдан үш буынды сот жүйесіне көшті. Бұл сот қарауына түскен істердің соңғы нүктеге жету жолын қысқартты. Ал, заманауи технологиялардың қолданысқа еніп, сот отырыстарының аудио-видео жазбалануы ашықтықты қалыптастырды. Бұрындары сотқа жүгінген тараптардың судьяларға сенімсіздік танытып, хаттамалардың дұрыстығына күмән келтіретін жағдайлар сирек те болса кездесетін. Бүгінгі таңда ондай деректер тіркелмейді. 
Қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз бар. Қоғам өзгергенмен аталы сөз өз құнын жойған жоқ. Заманына қарай адамы дегенімізбен, өміршең адамдық қасиеттер әрдайым үстемдік етеді. Өйткені, қоғамның алға жылжуы әділдікпен, шынайылықпен тікелей байланысты. Біздің жағдаймен салыстыра айтсақ, Қазақ елі бүгінде бейбіт те, берекелі елге айналды. Бұл биіктік уысымызға әділ де демократиялы қоғамның үстемдік етуімен мүмкін болып отырған жағдай. Елбасымыздың сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу тапсырмасы іргетасы берік саланың одан әрі жаңғыруы, жетілуі деп түсінеміз.

Кәмшат СӘДУӘҚАСОВА,
Қызылорда қалалық сотының судьясы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз