ДІН ЖӘНЕ ДІЛ

62

0

«РАХМЕТТЕ” БАҚЫТ ҰЯЛАҒАН

 

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария” мешітінде қаладағы жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің
тәрбиеленушілері өз ұстаздарымен бірге қонақта болды. Балалар мешіт үйін
аралап, оның сәулеті мен тазалығына риза болды. Жеткіншектерге орталық мешіттің
найб имамы Нұрлан Әбжанов қайырымдылық,
ізгілік, мейірімділік турасында уағыз айтты. Дін қызметкерлерін бір риза
еткені, балақайлардың мешіт әдебін кей үлкендерден артық сақтап, айтылған
уағызды беріле тыңдауы еді. Мешіт әдебін толық сақтап, намазханаға кіруі, Алла
үйіне айрықша құрмет көрсетуі көңілге қуаныш ұялатты.

ДІН ЖӘНЕ ДІЛМешітті аралап болған балалар өздері үшін жайылған дастарқаннан дәм татты. Оларға тәтті
балмұздақ үлестіріліп, «Дін мен
дәстүр”, ”Дін мен діл” және басқа да кітаптар таратылды. Олар шын жүректерімен
рахмет айтып, алғыс сезімдерін білдіріп жатты.

Пайғамбарымыз «жетімнің басын еркелете сипаған кісіге
қолының тиген жеріндегі шаштардың санындай сауап жазылады” деген екен. Олай
болса, жетім-жесірге, жағдайы төмен
отбасына қарайласа жүруді ұмытпайық, ағайын!

РАМАЗАН
АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ

 

Араға ай салып
өтетін қала және аудан
имамдарының бұл жолғы дәстүрлі
кездесуінде айлардың сұлтаны Рамазанға
дайындық барысы талқыланды. Кездесуге қатысушылар Дінбасы Ержан қажы
Малғажыұлының Рамазан айына орай қабылдаған үндеуімен танысты. Оның өзіндік маңызға
ие екенін баса айтқан облыстық орталық
мешіттің бас имамы Талғат Омаров кездесуге қатысушылардың назарын алда
атқарылатын істерге аударды.

Рамазан айының
әр күнінде халықпен кездесіп, уағыз айту, аудан және қала мешіттерінде 30 рет
ауызашар ұйымдастыру, зиялы қауым мен кәсіпкерлердің басын біріктіру,
қайырымдылық көмектерін көп жасау, мешіттердің жарықтандырылуын басты назарда
ұстау керектігі айқын. Сонымен қатар дін қызметкерлері басшылармен бірлесе
отырып, дүкендерде, жиын-тойларда ішімдікті болдырмауға ықпал етуі қажет. Жазғы
діни сауат ашу курсының жоспары дайындалып, Бас мүфтидің кубогы үшін қала және
аудан имамдарымен қатар көпшілік арасында
футбол жарысы ұйымдастырылады. БАҚ құралдарымен байланысты нығайтып,
қасиетті Рамазан айының ерекшеліктері жайында мақалалар шығару көзделуде.

Ортақ мақсатты
талқылаған бұл кездесудің де көпшілік үшін пайдасы көп боларына сенім мол.

 

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз