ДІНАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – ТЫНЫШТЫҚ КЕПІЛІ

75

0

Шілденің алғашқы күні облыстық дін
істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада кент
және ауылдық округ әкімдерін «Діни бірлестіктер мен мемлекеттің қарым-қатынасы:
зайырлы мемлекет модельдері” тақырыбында оқыту семинары болып өтті. Семинарды
облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қысқаша сөз сөйлеп ашты.

– Елімізде ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінге мемлекеттің дұрыс
көзқарасы көп жайттарды айқындайды,– деді әкім орынбасары. – Біздің елімізде
дінаралық татулық, яғни конфессияаралық қатынас әлемге үлгі. Бізде сан түрлі
діни бағыт ұстанатын бірнеше ұлт
өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Солай бола тұрғанымен де, дәстүрлі емес
діни ағымдар жетегінде кетіп, шалыс басқан қазақ жастарының тағдыры бізді
бейжай қалдырмаса керек. Тіпті түрлі
жұқпалы ауру­ларға қарсы медициналық екпелерден бас тартушылар да бой көрсетіп
жатыр. Бұл – ойланарлық мәселе.

Мұнан кейін әкім орынбасары
аймақтағы жат ағымдар әсерінен болып жатқан келеңсіз жайттардың бетін ашты.
Жастарды қараусыз қалдырмау, олардың бос жүрісін азайту, ата-аналардың, мектеп
пен оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың
жауапкершілігін арттыру қажеттігін баса айтты. Ауыл, кент әкімдері өз огругтеріндегі әрбір адам тағдырына
жанашыр­лықпен қарағаны абзал.

Семинар барысында облыстық
прокуратураның бөлім бастығы Нұркен Тұрғанбай, дін мәселелерін зерттеу
орталығының директоры Тұрар Әбуов, орталықтың бас маманы Қанат Мырзабеков,
облыстық ішкі істер департаментінің
экстремизмге қарсы басқармасының
жедел уәкілі Нұрлан Үсенұлы, ҚМУ-дың аға оқытушысы Болат Әпенов,
Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкері
Қанат Майтенов түрлі тақырыптарда
баяндама жасады. Олар негізінен
мемлекеттік саясаттағы ар-ождан мен діни сенім бостандығы, діни
бірлестіктер мен мемлекеттің
қарым-қатынасы, саладағы заңна­ма­ның
бұзылуы, еліміздегі ислам дінін жамылған деструктивті ағымдардың негізі мен
сипаттамалары және негізгі ұстанымдары
мен әдістері жайында жан-жақты әңгіме өрбітті. Бұл шараның негізгі мақсаты діни
радикализмнің шектен шыққан формаларының алдын алу, азаматтардың тыныштығы мен
мемлекеттің тұрақтылығын сақ­тау, елдегі әртүрлі діндер және конфессияаралық
өкілдерінің бей­біт қатар өмір сүруі мен өзара тиім­ді қарым-қатынас жасауы
үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Семинарға қатысушылар өзде­рін
толғандырған сұрақтарға жауап алып,
ой-пікірлерін ортаға салды.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз