ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

134

0

ДІНИ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Сенбі күні
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта
«Руханият және дәстүр” айлығы аясында «Рухани келісім – бейбітшілік пен
тұрақтылық кепілі” атауымен ағаш отырғызу рәсімі болып өтті. Облыстық дін
істері басқармасының қолдауымен өткізілген шараға аймақтағы діни бірлестік
жетекшілері қатысты.

Ағаш отырғызуға
130-дан астам көшет дайындалып діни бірлестік жетекшілері, мешіт имамдары,
мешіт жамағаттары, зиялы қауым өкілдері барлығы 60 адам атсалысты.

Елбасымыз айтқандай: «Үдеудің бірі
бірлікте, жүдеудің бірі алауыздықта» дегендей, барша жиналған қала тұрғындары
бірлікпен ұйымшылдық танытты. «Атаңнан мал қалғанша – тал қалсын” ұранын
ұстанушы еріктілер аталған шарада белсенділік көрсетті.

Дүниетанымымызға тән тарихымыздан тағылым алған салт-дәcтүрімізді
жаңғырту және дін саясатының тұрақтылығын сақтай отырып, түрлі діни
бірлестіктер өкілдерінің мемлекетіміздің өркендеу жолында ымыра мен ынтымақта
болуы аталмыш шараның басты мақсаты
саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз