ДОСТЫҚ ТУЫ ҒАРЫШТА

58

0

Иә, ғарыш тарихы тағы бір ұшу сапарымен толықты. Аспан
әлемінің адамзатқа беймәлім тұстарын зерттеу мақсатында ұшырылған экипаждың
құрамында тағы бір қазақ азаматы бар. Ол – барша қазақстандықтардың үмітін үкілегенАйдын Айымбетов. Мен ғарышкерлерді әлем кеңістігіне шығарып салатын делегация
құрамында Байқоңыр ғарыш айлағындағы
тарихи сәттің куәсі болдым.

Ойлап көріңіз, үштің бірі болып ғарышқа ұшу, онымен
шектелмей өзіне белгіленген ғылыми бағдарламаларды сапалы іске асыру дегеніңіз
адам баласынан табандылық пен шыдамдылықты, ерлік пен өжеттікті қажет етеді
емес пе?! Біз бәріміз Айдынмен мақтанып, ғарышкердің қол жеткізген жетістігіне
бірге қуанамыз. Лайым, осындай бірге қуанатын сәттеріміз көп болғай.

Айдын Айымбетовтың ғарышқа Қазақстанның көк байрағы
және Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығы мен Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығына арналған туларды алып ұшуының өзі біз үшін үлкен
мәртебе. Бұл республикамызда жүзден астам ұлттардың тату-тәтті, ынтымақта
өмір сүріп жатқанын, олардың белгілі бір мақсатқа жұмылғанын дәлелдегендей. Осы
ғарыш сапары арқылы әлем халқы қазақстандықтардың іргесі берік қаланған достығы мен мызғымас ауызбірлігіне тағы бір
куә болды. Менің аталық ақ тілегім,халықтар арасындағы достығымыз нығайып, еліміз аман, жұртымыз тыныш,
ұрпағымыз ұлағатты болсын!

А. ХАМИДОВ,

өзбек
этно-мәдени бірлестігінің төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз