ДӘСТҮР ОТБАСЫНАН ДАРИДЫ

43

0

Жуырда
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада облыстық дін істері басқармасының дін
мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Ата заң мерекесіне орай «Отбасы
институтын нығайтудағы Конституцияның
орны және оған діннің көзқарасы” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған
құқық қорғау саласының мамандары, діни бірлестік ұйымдарының өкілдері, мешіттердің
найб имамдары мен бірқатар мекеме қызметкерлері қатысты.

Шараның
негізгі мақсаты – от­басы құндылықтарын қалып­тас­тыру, ата-анамен бала
арасындағы қатынасты нығайту, иманды да ибалы ұрпақ тәрбиелеу және отбасы
беріктігін сақтауда дін мен заңның маңыздылығын түсіндіру болып табылды.

Алғашқы
сөзді облыстық дін істер басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының
директоры Тұрар Әбуов алып, қатысушыларды алдымен айтулы мерекемен құттықтап,
одан кейін шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Қазіргі
қоғамда қарттар үйінің саны артып келеді. Бұл қазақ халқы үшін жат дүние. Әйтсе
де, өмірге әкеліп, бағып-қағып, оқытып, үлкен өмірге қанат қақтырған ата-анасын
көздері қиып қарттар үйіне әкелетін жандар қатары көбеюде. Осы мәселе
төңірегінде «Қарттарым асыл қазынам” атты тақырыпта Қарттар мен мүгедектерге
арналған жалпы үлгідегі интернат үйі директорының орынбасары Гүлсім Дәулетбаева
баяндама жасады. Сонымен қатар қарттар үйінің қазіргі жай күйін айта келе, ең
өкініштісі, олардың 80 пайызын қазақтар құрап отыр екен. Одан әрі сөз алған «Ақ босаға” қоғамдық
бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова отбасы шағын мемлекет екені туралы және ол
мемлекеттің іргесін берік ететін құнды дүние – тәрбие екенін, кейбір отбасында
ата-ана баласына үлгілі тәрбие бере алмай, оның арты бармақ тістейтін жағдайға
әкелуде екенін баса айтты. Ал, қоғамның өзекті мәселесіне айналған жастар арасындағы ажырасу жайында облыстық
әділет департаментінің АХАЖ бөлімінің басшысы К.Елеусізова «Отбасы
құндылықтарын сақтаудағы құқықтық нормалардың орны мен кейбір мәселелері
”тақырыбында баяндама жасап, оныңтөңірегінде тереңінен ой қозғады.

Сондай-ақ,
орталық мамандары тарапынан жат пиғылды діни ұйымдар туралы жан-жақты
ақпараттар беріліп, арнайы жасалған діни тақырыптағы кітапшалар таратылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін толғандырып
жүрген сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптарын ала білді. Сонымен қатар шараға
жиналғандар еркін пікір алмасты.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз