ҮЕҰ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

49

0

 

 

М.Мәметова атындағы Қызылорда
гуманитарлық колледжінде Мемлекет басшысының
мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты өкілеттігін азаматтық
қоғам институттарына беру туралы бастамасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» бастамасымен ұйымдастырылған шараға мемлекеттік
мекемелер, бизнес құрылымдары мен қоғамдық
қауымдастық ұйымдары қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік
тізілімдегі кейбір мемлекеттік функциялар мен әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік
қызметтердің азаматтық секторға берілуі бойынша ұсыныстар даярлау.

Жиынды «Қызылорда облысының Азаматтық
Альянсы» қауымдастығының төрайымы Әлима Әбдіхалықова ашып, Ұлт жоспарының 97-қадамындағы өзін-өзі реттеу
мен жергілікті басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу
мүмкіндігін кеңейту, мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекеге қабілетті ортаға және
өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру бастамасы жайлы айтып өтті. Мұнан кейін аталмыш
қауымдастықтың заңгері Болат Әйтімов тақырыпқа байланысты баяндама жасады. Сонымен
қатар жиын барысында облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру
басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева, дін мәселелерін зерттеу орталығының
басшысы Бақытжан Камалов пен өзге де мекеме қызметкерлері өз ой-пікірлерін ортаға
салып, қызу талқылады. Және деұсыныстарын да жеткізді.

Шараның соңында қоғамдық
тыңдау ұсыныстарын дайындайтын жұмыс тобы құрылатын болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз