ЕҢБЕК ДАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ТИІМДІ

52

0

Еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің,
еңбек шартының және ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау
немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер
еңбек дауын туындатады. Шарттарда айтылған өз құқықтарыңызға жету дегеніміз айқайлау,
митинг өткізу немесе шексіз шыдау емес. Мұндайда тек заң шеңберінде ойланып және
жүйелі түрде сауатты іс-әрекет жасау құпталады.

Еңбек жанжалдарының алдын алу
мәселелерін талқылау мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы «Өндірістік қызмет
процесінде пайда болатын даулы мәселелерді шешу механизмі» тақырыбында семинар өткізді.

Өндірістік-еңбек дауларының себептерін
анықтау, алдын алу және оның тиімді шешілу жолдарын қарастыруды және осы саладағы
заңнаманы түсіндіруді көздеген семинарға кадрлық қызмет мамандары, шетелдік еңбек
күшін тартқан мекемелер, кәсіподақ ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жұмыс
берушілер қатысты. Басқосуда өндірістік қызмет процесінде пайда болатын еңбек дауларының
алдын алу, еңбек дауларының шығу себептері талқыға түсті. Сондай-ақ тұрақты жұмыс
орындарын сақтап қалу, жұмысшылардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі, өндірістік қызмет
процесінде пайда болған даулы мәселелер және олардың заң шеңберінде екі жақтың жауапкершілігі,
міндеттері мен құқықтары түсіндірілді.

Ұжымдық еңбек дауларын қарауда
кәсіподақтардың ролі зор. Оған қоса еңбек дауын қарау жүйесі, оны шешудегі медиаторлардың
орны айқындалып келеді. Семинар соңында қатысушылар күн тәртібіндегі баяндамалар
аясында пікір алмасып, тиісті мамандар сұрақтарға жауап берді.

 

М.МЕРЕЙ.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз