ЕҢБЕК ЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ

77

0

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУҚолымыздағы бұл суретте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қызылорда облысынан шыққан Еңбек Ерлері Шырынкүл Қазанбаева мен
Жадыра Таспанбетова, Сәлима Жұмабековамен әңгімелесіп тұрған сәті бейнеленген.

«Елбасының
Сыр өңіріне келген сапарының бірі еді, жас келген соң жаңылыса беремін, шамамен
алты- жеті жыл бұрын болған жағдай ғой. Еңбек ардагерлері мен озаттарды
қабылдаған соң осылай суретке түсудің сәті келе қалды. Жанымда Жадыра да бар
еді, Нұрсұлтан Назарбаев қашанғы еңбек
адамдарын тосырқамайтын мінезімен бізбен жылы сөйлесіп, әңгімеге тартты.
Жасымның үлкендігін пайдаландым-ау
деймін, өңірімізге келген қадамының құтты болуына тілектестігімді айтып,
өзіне мықты денсаулық пен отбасына аманшылық тіледім. Тәуелсіздігіме тәубе деп,
жастарымыздың осы құнды байлықты қастерлеуін, ел шетінің қашанда берік болуын
ойлайтынымызды айттым. Президент өте сезімтал кісі ғой, менің жүрегімнен шыққан
сөздің көптің ұйғарымы екендігін аңғара отырып: «Сіздер де аман болыңыздар, кең
даламызды мекен еткен халқымыздың пейілі де кең. Алдағы күндеріміз мұнан да
жарқын, болашағымыз берекелі болады. Сол үшін қызмет жасай береміз.
Ауылдастарыңызға сәлем айтып, жақсы істерге батагөй болып жүріңіз», деді. Бұл
сөз ат үстінде жүрген бауырларымызға да аманат деп түсіндім. Міне, уақыттың өзі
көрсетті: Сыр бойындағы ауылдардың өзі көптеген әлеуметтік жетістіктерге қол
жеткізді. Қаншама жаңа мектеп, қаншама ауруханалар салынып, пайдалануға
берілді. Ауыз сулар тартылып, жолдар жөнделді, самаладай шамдар түннің өзін
күндізгідей жарық етіп тұр. Халықтың да
әл-ауқаты түзелді, дейді Шырынкүл апа Қазанбаева арнайы барып әңгімелескен
кезімізде.

Күні кеше
ғана Шиелі ауданында екі бірдей өндіріс орны іске қосылды. Бірі әк шығарса,
екіншісі мия шөбінің тамырын өңдейді. Бірі құрылысқа қажетті болса, екіншісі
медицинаға керек. Жергілікті өнімнің осылайша айналымға түсуі аспандаған бағаны
төмендететін шығар деген үміт те қылаң беріп қалады. Лайым, солай болғаны
керек, Елбасы өзінің соңғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында
бірлігімізді бекемдеп, Отан алдында аянбай тер төгуге шақырды емес пе?!

Нұрмахан
Елтай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз