ЕГЕМЕНДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

96

0

Қазақстан дербестік жолына түскен күннен бастап
құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету­ді алдына мақсат етіп қоя бі­лген
жас мемлекет осындай си­патымен ерекшелене білді. Қа­зақстан аума­ғында тұратын
ха­лық барлық жағынан ашық болып, әртүрлі діни, сая­си жә­не экономикалық
жолдар­дың қиы­лысында еште­ңе­ге қара­мастан өзі­нің ішкі тәу­елсіздігін
сақтап қалды.

Мемлекет – бұл тек аумақ, ал азаматтардың бірлігін,
билік инс­титуттарын, сонымен қатар ұр­пақ­тардың тәжірибесі мен жақ­­сы
болашағының үмітін жұ­мыл­дыратын – Конституция. Қа­зақстан Республикасының
Конс­титуциясы туралы айтатын бол­сақ, Қазақстанға тәуелсіздік алуға, тиісінше
қолданыстағы Конс­титу­цияны қабылдауға век­тор болып табылатын кейбір тарихи
сәттерді атап өткен жөн.

Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар
кө­­зімен ғасырлар бойы жалға­сын та­ба бермек. Олардың қа­лып­та­суына «Қасым
ханның қасқа жо­лы», «Есім ханның ескі жо­лы»сияқты XV-XVIII ға­сыр­лардың
заңдар жинағы маңыз­ды рөл атқарады.

Қазақстанның конституция­лық құрылысының тарихында бес
Конституция болған, со­ның ішінде қазіргі қолданыс­та­ғысы1995 жылғы
Конституция. Қазақстанда Конституциялар 1926, 1937, 1978 және 1993 жыл­да­ры
қабылданды. 1917-1919 жылдары қолданыста болған Алаш үкіметінің бағдар­ла­малық
құжаттарындағы ата заң­дық шы­найы ұғымға ие болды. Алаш­­­тың бағдарламасында
Ре­сей демократиялық Феде­ра­­тив­ті Республика болуы ти­іс, сол кез­де
оның құрамына Қа­зақстан кір­ген, әр бөлек мем­­лекет авто­номды және біркел­кіқұқықта
өзін-өзі басқарады депанық тұжы­рымдалған.

Қазақстанда сол кезде конс­ти­­туциялық құрылыс
идеялары пай­да болды. Бірақ оларды іске асыруға мүмкіндік болмады. 1920 жылы
қабылданған «Қыр­ғыз (Қазақ) АКСР еңбек­шіле­рі­нің құқықтық деклара­ция­сы» де­мо­кратиялық
норма­лар­дан әл­де қайда алыс бол­ды. Ол құ­жат әлеуметтік төзім­сіз­дік­пен
толып, «класстық көз­­қа­рас­қа» негізделді. 1926 жы­лы қа­былданған бірінші қа­зақ­стандық
Конституцияның жо­­­ға­рыдағы декларациядан еш­қандай өзгешілігі болған жоқ. Ол
мазмұны және нысанымен РКФСР Конституциясына сәй­кес келіп, декларацияның бар­лық
ере­желері енгізілген бо­ла­тын. Қа­зақстан Кеңес Фе­дера­циясының субъектісі
мәртебесін алса да, нақ­ты, заңды түрде де тәуелсіздігі мен ата заңдығына ие
болған жоқ. Мұнан кейін 1937 жылдың 26 нау­­рызында Ке­ңестердің Х бү­кіл­­қазақтық
съезі Қазақ КСР-ның Конс­ти­туциясын қабылдады. Бұл құ­жатта Конституцияның тұ­­жы­­рым­дары мен нақты
өмір ара­­­сындағы айырмашылық адам­­дар­дың мемлекетке сен­беуі­не, одан
оқшаулануына әкеп соқ­ты. Ал, 1978 жылы КСРО Конс­титуциясы, сосын одақ­тас рес­публикалар
Консти­ту­ция­лары қабылданды. Қа­зақстан үшін бұл социалистік типтегі соң­ғы
Конституция болды.

1993 жылы Қазақстан Рес­­пуб­­ликасының тұңғыш Конс­ти­туциясы
және қазіргі қолда­ныс­тағы 1995 жылғы Консти­туцияның қабылдануымен тәуелсіз
мемле­кет ретінде біздің еліміздің конс­титуциялық ресімдеуінің қа­лып­тасуы
аяқталды.

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ
та күрделі про­цесс. Бұл біздің жас мемле­кетіміздің аяғынан қаз тұру жо­лынан да жақсы байқалады. То­та­литарлық
жүйеден де­мокра­тиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі ай­қын болған күннен
бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының ал­дын­да ең алдымен Қазақстан мем­ле­кетінің
егемендігі мен тәу­елсіздігін қорғау міндеті тұрады.

Бұл орайда демократияны да­­мыту – меншік қатынастарын
ре­­формалау мен нарықтық эко­но­­микаға
өту экономиканы тығы­рық­тан алып шығудың, ұлттық мем­лекеттің қалыптасуына қо­лай­лы
жағдай туғызудың толас­сыз жолы. Саяси саладағы бас­ты мақсат – жас егеменді
мем­лекетті қуатты президентті рес­­пуб­лика етіп қалыптастыру. Біз­дің
мемлекетімізде бар­лық аза­маттардың теңдігі, барлығы­ның заң алдындағы бірдей
жау­апкершілігі, кімнің қай ұлтқа жа­татындығына қарамастан, бір­дей екендігі
әуелден-ақ нақ­ты көрсетілген. Әрине,
кейбір жағ­дайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай
жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени
және басқа да бай­ланыстарын қалпына келтіру, олар­дың өз Отанына қайтып ора­луына
қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

Басқа елдер деңгейімен са­лыс­­тырмалы түрде алғандағы
эко­­номикалық байлыққа қол жет­кізудің алғышарты – бү­кіл қоғамдық өмірді де­мо­кра­тияландырған
тұрақты құ­қықтық мемлекет құру бо­лып саналады. Құқықтық демо­кратиялық мемле­кетте
Конс­титуция, яғни біздің қо­ғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие.
Конституция жо­басы Қазақстан Республикасы тәу­елсіздік алғаннан бастап жаса­лына
бастады. Конституция қабыл­дау­дан бұрын бүкілхалықтық тал­қылаудан өтті.

Біздің Конституциямыз бой­­ынша Қазақстан халқы еге­мендіктің
иесі, республикадағы мем­лекеттік биліктің жалғыз қай­нар көзі болып табылады.
Рес­публикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан
саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар,
жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрінығайтуды ой­лауы керек. Құқықтық мемле­кет құру, қоғамдық өмір­ді де­мо­кратияландыру,
жалпыұлт­тық келі­сім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауым­дастықтың
лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Республика азаматының не­гізгі құқықтарымен қатар мін­деттері
де Конституцияда анық тұжырымдалған.

Адам тумысынан өзіне қажетті құқықтар мен
бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің аза­маттығын алғаннан кейін азамат­тық
құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда
адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезім­де­ріне үлкен маңыз берілген.
Әр­кімнің өзінің жеке басының бос­тандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша
адамның жеке ба­сының қадір-қасиетіне қол сұ­ғылмайды.

Конституцияда «Әркімнің өзі­нің қай ұлтқа, қай
партияға және қай дінге жататынын өзі
анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құ­қылы» деп жазылған. Бұл адам бос­тандығына толық кепілдік бе­ріл­ген
дегенді білдіреді емес пе?

Балайым КЕСЕБАЕВА,

облыстық әділет
департаментінің басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз