ЭКОЛОГИЯ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН…

51

0

Облыс орталығындағы «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде” «Қоршаған орта балалар көзімен” атты жас суретшілер байқауы өтті.
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің облыстық экология департаменті ұйымдастырған байқауға «Ибрайхан К ЛТД” серіктестігі қолдау білдірді. Жарымжан мүгедек балалар мен қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысқан жарыс мақсаты – баланы табиғаттағы түрлі көріністерге сүйсінте білу және сан алуан экологиялық проблемаларға зер салу. Оқушының өз қолымен, өз таным-түйсігімен салған суреті арқылы туған өлкесінің болашақта қалай болатынын қиялымен жеткізу.   
Шара барысында облыс бойынша экология департаменті басшысы Марат Құрманбаев, «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясы төрағасы Шайхислам Ноғаев, «Ибрайхан и К LTD» ЖШС бас директоры Ыбырайхан Мұсабаев, балалар үйі директоры Марат Жүсіпәлиев сөз сөйлеп, қатысушылар еңбегін жоғары бағалады.
Экологиялық келешегіміз қандай болатыны біз бен келер ұрпақтың мінез-құлығына байланысты. Сондықтан балақайларды туған өлкесінің табиғатына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, мектеп оқушыларын табиғатты қорғау қызметіне тарту өте маңызды. Балаларды қоршаған ортаның сақталуына жоғары экологиялық білім мен жауапкершілікті қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті.
Байқауға 65 оқушы қатысты. Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлде балалар үйінің тәрбиеленушісі Данил Лебедовке бұйырды. Жеңімпазға iPAD планшеті сыйға тартылды. Ал, І орынды №171 мектеп оқушысы Асыл Жұмаш иеленсе, ІІ орынды №4 орта мектеп тәрбиеленушісі Саят Князь, ІІІ орынды №5 орта мектеп оқушысы Ирина Моток алды. «Үздік туынды» аталымы бойынша №253 орта мектеп оқушысы Жұлдызай Ордабекова мен балалар үйінің тәрбиеленушісі Данил Солонкин жеңімпаз деп танылды. Жүлдегерлерге ұялы телефон табысталды. Өзге қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды. Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз