ЕЛ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАНДАР

94

0

Елі
үшін еңбек еткендер ғана шын құрметке лайық. Солардың қатарында Ғалия Тоғысова
басқаратын Арал аудандық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұжымы да бар. Жұртшылықтың әлеуметтік
өміріндегі кез келген жаңалықты, соны өзгерістерді бәрінен бұрын сезініп жүзеге
асыратын да осынау мамандық иелері. Бір сәт өткенге көз жүгіртелікші.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы қиындық­тың басым бөлігін аталмыш сала
қызметкерлері арқалағанына баршамыз куәміз. Сол өнімді еңбек бүгінгі таңда да
бәсеңдеген жоқ. Бөлімге қай кезде бас сұқпаңыз, қарбаласқан қауырт қимылды
байқайсыз. Алайда қабақ шытып, кейістік танытқан бірде-бір жанды тағы
кездестірмейсіз.

Адал
еңбек – ердің досы. Елбасы жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік
сала қызметкерлерінің күні болып бекітілгені
белгілі. Ендеше мереке қарсаңында қашанда көпшілікпен біте қайнасып, мемлекет
қамқорлығына зәру, қолдауға мұқтаж жалғызілікті қарттардың жанынан табылып,
мүгедектердің мұңын бөлісіп, қол ұшын созып, әлеуеті төмен, көпбалалы отбасына
жанашырлық танытып, мейлінше көмек көрсетіп жүрген сала мамандарының есімін
баршаға паш етсек несі айып? Ұжымда 30-ға тарта қызметкер жұмыс жасайды.
Әріптестері Алдамжар Жаймақов, Нұргүл Байназарова, Гүлнұр Сермуханова, Гүлмира
Мырзағұлова, Әлия Заухумова сынды ширек ғасырдан астам уақыт бойы бір салада
тер төккен білікті қызметкерлерді орынды мақтаныш тұтады. Сондай-ақ бөлім
басшысы Ғалия Тоғысова мен орынбасары Махмуд Маратұлы да ұжымдастарына,
көпшілікке аса беделді.

Енді
аталмыш бөлім нақты кезеңде қандай жұмыстар атқарды деген сауалға жауап іздеп
көрелікші. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал
актілерін тіркеу бөліміне 2015 жылдың 9
айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан
адамдардың ішінде тұрақты жұмысқа
орналасқандар аз емес. Олардың арасында мүгедек жандардың болуы құптарлық жайт.
Оған қоса қоғамдық жұмыстарға бірқатар тұрғын тарты­лыпты. Дерекке жүгінсек,
есепті мерзімде ауданда ашылған жаңа
жұмыс орындары да баршылық екенін білуге болады. Жыл басынан бері бөлімде
өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 80 адам тұрақты жұмыстарға
жіберіліпті. Олар негізінен «Аралтұз» АҚ, ветеринариялық стансаға, «Раннар» ұн
тарту зауытына, «Арал құрылысы» серіктестігіне, теміржол саласы мекемелеріне
жұмысқа орналасқан. Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек, өзге де төлемдер заңдылыққа сәйкес тағайындалып,
төленді. Мұндай қамқорлықтар арасында мүгедектерді оңалту бағдарламасы,тұрғын
үй көмегі, өзге де төлемдер кездеседі.Мүгедектерді оңалту бағдарламасымен жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне
жеке көмекшілер, тіл-құлақ кемістігі барларға арнайы мамандар қызмет көрсетуде.
Жоғарыдағы бағдарлама бойынша мүгедектерді қажетті құралдармен қамтамасыз ету
шаралары іске асырылуда. Сонымен қатар мүгедектердің сана­торий-курорттық
емделуі, протездік-ортопедиялық көмек, тиф­­ло­техникалық, сурдотехникалық,
міндетті гигиеналық құ­рал­­дар, кресло-арбалар берілуі тұрақты назарда
ұсталады. Үйде тәрбиеленіп, оқитын
балалар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметі, жекелеген санаттар
бойынша мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер, азаматтық хал акті­лерін
тіркеу қырағы қадағалануда.

Жұмабек
ТАБЫНБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз