Ел дамуында мәслихаттың үлесі зор

59

0

Үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде
«Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық
бірлестігінің ұйымдастыруымен Алма­ты қаласында Қазақстан мәслихат­та­ры­ның 20
жылдығына байланыс­ты «Мәслихаттардың қоғамды әлеу­меттік-экономикалық дамыту
мен демокра­тия­ландырудағы, ішкі саясаттың тұрақты­лығын нығайтудағы рөлі мен
орны» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция жұмысына ҚР Парламенті
Сенатының депутаты М.Шалахметов, Алматы
қаласы әкімінің орынбасары З.Аманжолова, өңірлердегі барлық деңгейдегі мәслихат
хатшылары мен аппарат басшылары, қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес
ұйымдарының өкілдері қатысты. Ғылыми-тәжірибелік конференция Елбасының
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауларының және «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының негізгі
бағыттарын жан-жақты іске асыру аясында өтті.

Бұл тарихи мәні бар оқиға – Қазақстан
мәслихаттарының 20 жылдығына орай өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияға Сыр елі­нің делегациясын бастап барған об­лыстық мәсли­хаттың
аппарат басшысы М.Қосмамбет, облыстық мәслихат депутаттары Қ.Әжібеков,
А.Оңғарбаев, Т.Шаутай және мәслихат хатшылары К.Данабай, Т.Бөріқұлақов,
М.Наятұлы, И.Құттықожаевтар қатысып қайтты.

Конференцияда «Қазақстан мәслихат­тар
депутаттары бірлестігінің» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев баяндама жасады.
Баяндамашы мәслихаттардың атқарып отырған жұмыстары мен міндеттеріне кеңінен
тоқталды. Сонымен қатар, басқосу барысында конференция делегаттары өз ойларын
ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Алқалы жиыннан соң осындай елеулі күнде
мәслихат хатшыларын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов арнайы қабылдап,
мерекелерімен құттықтады. Және мемлекеттегі екі билік тармақтарының мұндай
келісімді кездесулері қазіргі таңда өзекті екендігін айта келе, Елбасының көңіл
бөлуінің арқасында жергілікті мәслихаттардың рөлі артып келе жатқандығын, бұл,
ең алдымен, тиімді де нәтижелі жұыстарға жетелеп отырғандығын атап өтті. Осы
ретте, қабылдауға қатысқан бір топ делегаттар атқарушы билік пен мәслихаттардың
қолданыстағы заңдылықтар аясында ел үшін аянбай еңбек етуге мүмкіншіліктердің
бар екенін жеткізді және қала әкімін мерекелік медалімен мараппатталды.

1994 жылғы 7 наурызда тұңғыш рет өкілді
орган – мәслихат депутаттары жиналысының сайлауы өткізілді. Міне, содан бері
Тәуелсіздік туы астында атқарушы билік
пен өкілді орган – мәслихаттар елімізде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарып келуде.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев даму мен өсудің және жоспарлау саясаты туралы «мықты мемлекет
күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау сая­сатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық
өсумен айналысады» деп атап көрсеткен болатын.

Осы ретте Сыр елінде сенімді
экономикалық өркендеудің, халықтың әл-ауқатын арттырудың берік базасы «2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық
даму Стратегиясы» Қызылорда облыс­тық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы
кезекті 22 сессиясында (№163 шешім) қабылданып тиісінше облыс әкімінің сәйкесті іс-қимыл жоспары бекітіліп,
онда атқарылар нақты шаралары өз көрінісін тапты.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:
«Стратегияны жүзеге асырудың толық қалыптасқан негізі бар. Облысымызда
тұрақтылық пен салауатты моральдық-саяси ахуал сақталуда. Бұл дегеніміз – алда
тұрған қиыншылықтарды жеңуге жағдай жасайтын құдіретті күш” деп бағалаған
болатын.

Ежелден елдік тарихы бар, ұлттық
салт-дәстүрі қалыптасқан Сыр елінің осынау игілікті нәтижелерге жетуіне
мәслихаттың қосар үлесі зор. Жиырма тоғыз округтан сайланған халық
қалаулыларының барлығы білімді, білікті азаматтар, олар адал да қажырлы
еңбегіне сүйеніп, жасампаздық істердің басы-қасынан табылып, биік белестерден
көрінуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз