ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ

48

0

Бүгінгі оқушы – ертеңгі еліміздің азаматы сондықтан, бала тәрбиесінде қате қадам жасамауымыз қажет. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Мұғалімдік – кез келгеннің қолынан келе бермейтін, өз мамандығын сүйетін білімді, адамдар ғана айналысатын іс. Соңғы кездері еліміздің білім беру ісінде түрлі өзгерістер болып жатыр. Ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену қадамдары бұл кезеңде дәстүрлі оқыту түрінен жаңашыл теорияларға негізделген білім жолға қойылуда. 
Жас ұрпаққа беретін білім сапасы ұлтымыздың салт-дәстүрімен байланыса жүргізілуі керек. Сонда ғана өз ұлтын сүйетін ұрпақ қалыптасады. Жаңа технологиялар білім беру саласын дамытуға, оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға, пәндердің бір-бірімен байланысуын көздейді. Сабақ барысында оқушылар ақпараттық технологиялармен жұмыс жасап, өркениеттің жаңалықтарымен танысады.
Он екі жылдық білім беруге көшу үшін ұстазбен қатар, оқушылар да жаңашылдыққа талпынуы тиіс. Ізденіс болған жерде нәтиже де жақсы болары хақ. Сонда ғана А.Байтұрсынов айтқандай, «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген қанатты сөзі расқа айналады. Әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, мұғалім сабақты жаңашылдықпен өтуі тиіс. Болашақ ұрпақты заман ағымына сай тәрбиелеп, оны жаңа ғылыми технология түрлерімен жасақтандырып сусындату үшін мұғалім мөлдір де терең қайнар бұлақ бастауы болуы шарт.
Орта мектеп бағдарламасында мемлекеттік стандартқа сәйкес жылдық жоспар бекітіледі. Биылғы оқу жылында химия пәні сағаты азайған. Жаһандану дәуірінде техниканың күнделікті өмірде көп қолданысқа енуі физика, химия сияқты пәндердің сұрғанысын арттыруы тиіс. Сағат азайған сайын оқушыларға бағдарламаны терең түсіндіру қиындай береді. Қосымша сабақтар өтуге, жеке жұмыс жасауға уақыт таршылық қылады.
Мұндай қиындықтарға қарамастан әр оқушының бойына білім нәрін себу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мектептегі ұстаз – оқушының екінші ата-анасы, болашаққа жол сілтер ақылшысы.
Самал ТОҚСАНБАЕВА,
№166 орта мектеп мұғалімі.
Жаңақорған ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз