ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

88

0

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Тәуелсіз Қазақстанды әлем таныған байтақ елге
айналдыруда Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі қай дәуір
парағына да алтын әріптермен жазылатын үлкен ерлік. Өз басым Мемлекет басшысын
шетелдік сапарларда мәртебелі төрден көргеніме мерейленем және осындай ұлы
тұлғамен кездескенімді мақтаныш тұтамын.

…2005 жылдың көктемі еді. Елбасы Президент сайлауына байланыс­ты өңірлерді аралап
жүрген кез. Өзі Алаш­тың анасы атандырған Сыр жеріне сапары сәуір айында болды.
әдеттегідей елмен жүздесті, емен-жарқын әңгімелесті. Соңы­нан шағын кездесу
өткізетін болды. Облыстағы кәсіп иелерінің бірі ретінде қабылдауға мен де
қатысатын болдым. Теледидардан көрген бөлек, бетпе-бет жүз­десудің әсері тіпті
басқа болады екен. Елба­сы әңгімесін айтып, елдің жағдайын сұ­рап отыр.
Қабылдауға келгендер кезек бойынша жауап беріп жатыр. Әңгіме кәсіпкерлік
саласына ойысқанда сөйлеуге дайындала бастадым. Нұрекең әңгіме түйі­ніне
жақындап қалған секілді, алдын ала жос­пар бойынша айтпағым басқа мәсе­ле бол­са
да, әңгімені кәсіпкерліктен бастадым.


Нұрсұлтан Әбішұлы, мен екінші топ мүгедегімін, бірақ соған қарамастан кәсіп
істеп, 200-ге жуық адамға жұмыс тауып беріп отырмын.

Елбасы
елең ете қалды. Кез­де­судің соңы таянғанын ескерт­кендерге бас изеді де әңгі­мем­ді
ықыластана тыңдауға кі­рісті. Өзімнің кәсіпті қалай баста­ғанымды,
кәсіпкерлерге жасалып отырған жеңілдікті пайдаланып отырғанымды баян еттім.

– Мынауың
дұрыс екен, Нұр­мұрат, – деді Елбасы. – Сенің ісің талайға үлгі болуы тиіс. ТМД
мемлекеттері арасында кәсіпкерлікті дамытуға дәл Қазақстандай қолдау жасап
отырған ел жоқтың қасы. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Сендерге кезінде
көмек көрсеттік, енді сендер елге пайдаларыңды тигізіңдер. Мұсылмандықтың бір
шарты зекет екенін білесің ғой. Табысыңның бір бөлігін елге берсең, берекең
кіре береді.

Бұдан әрі
Нұрекең кәсібі дамыған елдер туралы мағыналы әңгіме айтты. Мысалы, Германияда
бюджеттің 90 пайызын толтырып отырған іскерлер екен. Қазақстан да осындай
дәрежеге жету керек деп сөзін түйіндеді.

Кездесу
соңында бәріміз Елбасымен суретке түстік. Қазір үйімнің төрінде тұрған сол
сурет Нұрсұлтан Әбішұлының «Әр азамат елге болсын деген ниетпен іс бастау
керек» деген сөзін есіме жиі салады.

 

Нұрмұрат ЕРМАНОВ,

«Бабас»
ЖШС құрылтайшысы, облыстық мәслихат
депутаты.

 

 

Аралдықтар
Ауызсудың шарапатын
көріп отыр

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ«Су – өмір нәрі». Кез келген тіршілік егесінің сусыз
күні қиын екені анық. Халқымыздың шөлдегенде ішкен суды шырынға теңейтіні де
сондықтан. Жұқпалы кеселдердің таралуы ауыз судың сапасына тікелей қатысты
болары ғылыми тұрғыда әлдеқашан дәлелденген. Нақ осындай ахуалды Арал қаласының
тұрғындары да басынан өткерген-ді. Бір сәт сол кезеңге көз салайықшы.

Ғасыр тоғысқан тұста Арал қаласында ауызсу жайы өте
күрделі еді. Су құбырлары ескірген әрі толықтай қамтылмаған еді. Сервистік желі мүлде жоқ. Ішінара кейбір жекелеген
тұрғындар өз күштерімен үйлеріне құбырды тартып алғандары ғана кездеседі.
Көпшілігіне жұртшылық көшедегі қоғамдық колонкаларды пайдалануға мәжбүр. Жағдай
аса қиын. Су сапасының нашарлығынан жұқпалы кеселдер де қылаң беріп жатты. Мен
ол тұста «Арал-Сарбұлақ» су құбырын пайдалану басқармасының басшысы болатынмын.
Не істеу керек? Бұл сауал ауданда тұрақты күн тәртібіне қойылды.

«Көптің
тілегі қабыл» деген рас. Тығырықтан шығар жол Елбасымыздың тікелей қолдауымен
табылды. «Кувейт» қоры арқылы Аралда қарқынды жұмыстар жүргізілді. Қаладағы
барша су құбырлары жаңартылды. Үйлерге тартылды. Сервистік желіге қосылды. Су
есептегіштері орнатылды. Осынау толағай тірлік «Кувейт» қоры есебінен тегін
атқарылды. Ал мұндай көлемі ауқымды шаруаға қомақты қаржы қажеттілігі мәлім.
Осылайша ақ түйенің қарны жарылды. Оған қоса қордың есебінен түрлі
техникалардың тегін берілгенін атап кеткен жөн. Бұл үлкен қамқорлық болатын.
Теңіз тартылып, тіршілік қожыраған шақта да тағдыр тауқыметіне мойымаған теңіз
перзенттеріне осындай зор жанашырлық жасалды.

2005
жылдың сәуірі Арал халқына ұмытылмастай әсер қалдырды. Президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаев ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді. Су құбырын өз қолымен іске
қосты. Көпшіліктің қуанышында шек болмады. Кейін осы оқиғаның құрметіне орталық
көше бойына белгі орнатылды.

Нақты
кезеңде Арал қаласында 33 мыңға жуық халық тұрады. Су сапасы жоғары деңгейде.
«Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры тіршілік нәрін үзіліссіз таратуда. Соңғы
жылдары жұқпалы кеселдер тіркелмеген. Арал қаласындағы үйлер толықтай яғни, жүз
пайыз сервистік желімен қамтылған. Әрбір текше метр суға жеке иеліктер небәрі
40 теңге төлейді. Қалған шығын мемлекет есебінен қаралған. Қысқасы, ауыз суда
іркіліс жоқ.

Елбасының
қолдауы арқасында қалаға толықтай құбыр тартылып, өз қолымен су босатқан күнді
аралдықтар зор мақтаныш етеді. Бүгінде халық осы жақсылықтың шарапатын көріп
отыр.

 

Дәуренбек
МӘДИНОВ,

Арал қаласының әкімі.

 

 

Ерекше
мақтаныш тұтамын

Биылғы жылы Қазақстан Рес­публикасы Президенті Нұр­сұлтан
Назарбаевтың қабыл­дауында болдым. Мемлекет басшысы жайдары да, жылы
жүзділігімен қабылдауына келген адамдарды баурап алды. Әрқайсымыздың
хал-жағдайымызды біліп, елдің амандығын, ондағы халықтың тыныс-тіршілігі, тұр­­­мыс
жағдайын сұрады. Маған кезек келгенде мен Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан
жұмыстардың ауқымдылығы жоғары деңгейде
екендігін айта отырып, осының барлығы Елбасының идеясымен қолға алынған
бағдарламалардың сәтті орындалуының нәтижесі екендігін жеткіздім. Бұл орайда
ежелгі Сыр өзенінің жа­ғалауында орналасқан Қы­зыл­орда қаласының соңғы кездері
ерекше көркейіп, сәулеттене түскендігінен де хабардар еттім. Сондай-ақ,
орталықтардан шалғай жат­қан елді мекендерге
мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық аясының жылдан жылға ұл­ғайып,
ондағы халықтың әлеу­меттік жағдайына баса назар аударылғандығына өз
ризашылығымды білдірдім. Ра­сын­да мен әкімдік қызмет атқаратын өз ауылымызда
соңғы жылдардың өзінде 2 жаңа типтегі мектеп бой кө­терсе, ондағы құрал- жаб­дықтар
қазіргі заманауи та­лаптарға сай орналастырылды. Бұл жауапкершілікті ауыл
мектебінің ұстаздары мен шәкірттері жете түсініп, осы талап тұрғысынан табылуға
барын салып келеді.

Тағы айтарым, ауылдың басым көшелеріне тас төселіп,
біразына асфальт салынды. Есептеп көрсек, соңғы екі жыл ішінде 5 шақырымға таяу
ауыл көшесі асфальтталып, жарықтандырылған екен. Сол секілді ауыл тұрғындары
таза ауыз сумен қамтамасыз етілуді көптен күтуде еді, міне, осы жағдайға да қол
жет­кізілді. Бұл үшін де мемлекет қоржынынан қомақты қар­жы бөлінді. Мұның бәрі
сүйікті еліміздің өсу, өркендеу жолында екендігін тілге тиек еттім.

– Қызмет орнымда әкіммін, ал үйдің табалдырығын аттаған
соң-ақ, өзімнің әйелдік, аналық парызымды атқаруға кірісемін,- деп едім,
Нұрсұлтан Әбішұлы да жымия күліп: «Әрине, аналық парыз ең жоғары мәртебе, қазақ
әйелдері осылай өздерінің инабаттылығымен қатар қажырлылығын сақтауы керек»,
деп ризашылығын білдірді. Расында, әйел адам ерін сыйлап, оның бастаған ісін
әрі қарай жалғастырып отырса ғана өз жолынан жаңылмайды, отбасының шаңырағын
шуаққа бөлейді деп түсінемін.

Міне, алдымызда Тұңғыш Президент күні мерекесі келе
жатыр, отандастарыма барлық жақсылықтарды тілей отырып, Елбасы атап көрсеткен
«Мәңгілік Ел» идеясының орын­далуына баршамыздың атсалысуымыз қажет екендігіне
шақырамын.

Президенттің қабылдауында болуымды өмірімде ерекше
мақтан етемін.

 

Әзия ҚЫСТАУБАЕВА,

Жаңақорған ауданы,

Сунақата
ауылдық округінің әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз