ЭНЕРГЕТИКА КӨКЖИЕГІ

75

0

«Энергетикалық
инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру
бағдарламасы шең­берінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, ма­гистральдық
желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңір­лерінде электр энергиясының,
орталық және шығыс об­лыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі
жобаға назар салу керек. «Екібастұз-Семей-Өскемен” және
«Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы” бағыттарында жо­ғары кернеулі желілер салу
қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін
теңдестірілген энер­гиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді”.

Елбасының «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Шындығында, Елбасы өз Жолдауында еліміздің экономикасындағы құрылымдық
реформаларды жалғастыруға бағытталған Жаңа Экономикалық Саясат туралы
жариялады. Осы Жолдауда айтылғандай, соңғы жылдары энергетикада ауқымды
жұмыстар жүргізілгенімен, магистральдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік
өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын туындатып отыр.

Жалпы, біздің облыста
электр энер­гиясының жетіспеушілігі бар екені жа­сы­рын емес. Қызылорда жылу ор­та­лығы
облысқа қажетті электр энергия­сының тек 40 пайызын ғана өндіреді. Ал, қалған
60 пайызды біздер сырт көз­ден сатып алуға мәжбүрміз. Бүгінде об­лыс аумағында
барлығы 9108 шақы­рым әуелік және кабельдік электр же­лі­лері, 117 қосалқы және
1433 транс­фор­маторлық станциялар бар. Соңғы отыз жылдан бері облыстың электр
энер­гетикасын дамытуға жеткілікті қар­­жы бөлінбеуінен аталған электр ны­сан­дарының
70 пайызының тозығы жеткен. Дей­тұрғанмен, соңғы төрт жыл­­да еліміз­дің
экономикасының тұ­рақ­­ты өсуінен 3,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, жүйелі
жұмыстар жүргізіліп ке­леді. Соның ішінде осы уақытта 207 шақырымға жуық электр
желілері са­лынып, 7 тарату пункті мен 22 транс­форматорлық стансалар іске қо­сылды.

2011 жылы жалпысметалық
құны 1444,0 млн. теңгені құрайтын «Қы­зыл­орда облысының аудан ор­та­лық­тарын
электр­мен жабдықтау жүйе­сін дамыту” жобасы әзірленіп, үш жылдық мерзімде жеті
аудан орталығының электрмен жабдықтау жүйе­сін дамы­туды қамту жоспарланды.
Атап айту керек, бұл көптеген жылдан бері ау­дан орталықтарының электр жүйе­сін
қайта жаңғырту бағытында қол­ғ­а алынған ауқымды іс болды. Үш жыл­­да бұл
жобаға барлығы 1226,3 млн. теңге қаржы бөлініп, Арал, Қар­мақшы, Жалағаш және
Сырдария аудандарының орталықтары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып,
пайдалануға бе­ріл­ді. Сонымен қа­тар, Арал ауданы Жақ­сықылыш ел­ді мекенінде
электр жүйелері жаң­ғыртылды.

«Қызылорда қаласында
«ПС-35/10” кВ-тық «Жаңаарық”, «Тасбөгет”, «Рай­оннан котельная” қосалқы
стансалары қайта жаң­ғыртудан өткізілді. Нәтиже­сінде Қы­зыл­орда қаласының 50
мыңнан астам хал­қы сапалы және үздіксіз электр энер­гия­сымен қамтамасыз етіл­ді.

2014 жылы «Қызылорда
қаласының кернеулігі 10/0,4 кВ электрмен қамту жүйесін дамыту” жобасы бойынша
өткен жылы 465,4 млн. теңгеге басталған құ­ры­лыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Бүгінде оны қабылдау жұмыстары жүр­­гізілуде. Бұған қоса Жаңақорған, Ши­елі
және Қазалы кенттеріндегі электр жүйе­лерін дамыту жобалары бой­ын­ша жұ­мыс­тары
аяқталуға жақын. Атал­ған нысан­дар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп
күтілуде. Нә­тижесінде, жо­ға­рыда аталған үш кенттің 65 мыңға жуық тұрғыны
сапалы электр энергиясын тұтынуға қол жеткізеді.

Сонымен қатар, биыл «Арал”,
«Но­во­казалинск” қосалқы стансаларын жаң­ғыр­ту жұмыстары жүргізілуде. Ны­сан­дар
өтпелі, яғни 2015 және 2016 жыл­дары аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, 2015-2017
жылдары рес­публикалық бюджеттен қаржылан­дыруға тиісті министрлік­терге жалпы
сома­сы 7,2 млрд. теңгені құрайтын 11 жо­ба бойынша бюджеттік өтінім ұсыныл­ды.
Атап айтқанда, Төретам кенті мен Ақай елді мекеніндегі электр желі­ле­рін,
Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «ГМЗ” қосалқы стансаларын, «Сили­кат­ная”,
«Залинейная”, «Комсомол”, «Про­мышленная” жаңғырту, Әйтеке би кен­тін­дегі жаңа
кварталдар көшелерін жа­рықтандыру, Төретамдағы №22, Те­реңөзек кентіндегі
35/10 кВ қосалқы стансаларын, Ақай ауылындағы №14 қосалқы стансаларды,
Қызылорда қа­ла­сы мен Сырдария ауданы және Жосалы-Жалағаш арасындағы электр
желілерін жаңғырту жобаларына қаржы бөлу жө­нінде жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар Елбасы Жолдау­ында
бүгінде тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шы­лығын жаңғыртуға инвести­циялар салуға
Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі,
сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық таны­тып отырғанын атап өтті.
Ұзақ мер­зімді инвестициялық тарифтер ұсыну ар­қылы олардың барынша тартылуын
қам­тамасыз ету қажет. Тарифтердің ай­тарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай
жобаларды мемлекет қо­сым­ша қаржыландыруы керек. Осы­ған байланысты жылу және
сумен қам­тамасыз ету жүйелерін жаңғырту қар­қынын жеделдету үшін бюджеттен қа­рас­тырылған
қаржыға қосымша жыл сай­ын 100 млрд. теңге бағыттау ұтым­ды болатынын да айтты.

Елбасының осы тапсырмасына
сәй­­кес бүгінде жалпыұлттық жоспарды әзір­­­леуге байланысты министрліктер ве­­­домствоаралық
жұмыс тобын құрып, ал­­дағы 2015-2019 жылдарға барлық са­ла­дағы бағыттарды
айқындауға кірі­сіп кетті.

Жалпы сумен қамту бойынша
Елба­сының 2020 жылға дейін ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған ау­ыз
суға қолжетімділігін 80 пайызға жет­кізу тапсырмасына сәйкес жүйелі жұ­мыстар
жүргізіліп келеді. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада алдыңғы қа­тарда.

Өткен жылдың қорытындысымен
облыс бойынша барлық 262 ау­ыл­дық елді мекеннің 185-і орталықтан­ды­рылған
ауыз суға қосылды немесе бұл көрсеткіш 71 пайыз болды. 2012 жы­лы ол
178 елді мекенді қамтып, 69 пай­ызды құраған еді.

«Ақбұлақ” бағдарламасы
бойынша би­­ылғы жылға барлық қаржы көздерінен 8 млрд. теңге бөлінді. Оның
ішінде 21 жо­баның құрылыс жұмыстарына 4,7 млрд. теңге және ауыз су тарату қыз­меттеріне
берілетін субсидияға 3,3 млрд. теңге бөлінді.

Облысқа трансфертпен беріле­тін
қаржылардан басқа тікелей Су ре­сурстары комитетінің қаржылан­ды­руымен биылға
2,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Жиделі топтық су құбырына 8 елді
мекенді қосу жобасына 1,1 млрд. теңге жә­не Талап топтық су құбырына 1,2 млрд.
теңге қаралған.

Сонымен қатар, биыл Арал
ауда­нында – Сексеуіл, Қазалы ауданында – Бай­қожа, Қар­мақшы ауданында – Тұрма­ғамбет,
Ақай, Жосалы, Жалағаш ауда­нында – Бұ­қарбай, Ақсу, Сырдария ауда­нында – Аман­келді,
Ақжарма, Мә­лі­баев, Бесарық, Ши­елі ауданында – Жө­лек, Алмалы, Тә­жібаев,
Жаңақорған ауданында – Түгіскен, Қызылорда қа­ла­сында Абай, Айнакөл, Ақжарма,
Ма­хамбетов елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары бас­талды. Ал,
келер жылы сметалық құ­ны 2,4 млрд. теңге болатын Қазалы ау­данының Әйтеке би
кенті мен Қазалы қа­ласының су жүйелерін жаңғырту жұ­мыс­тарының құрылысы
басталады. Со­нымен бірге Арал-Сарыбұлақ топ­тық су құбырына қосылған 10 елді
мекеннің іш­кі су жүйелерін тұтынушыға дейін жет­кізу жобасының құрылысы
салынады. Сырдария ауданының Сей­фуллин елді мекенінің тұтынушыға дейінгі
құрылысы да жүргізіледі. Жал­пы, биыл жобалау жұмыстары аяқта­латын 28 жаңа
жобалар 2015-2017 жылдары қаржыландыруға тиіс­ті ми­нистр­ліктерге ұсынылмақшы.

Сондай-ақ, 2014-2015 жылғы
жы­лу беру маусымына дайындық жұ­­­мыс­­­тарын жүргізу мақсатында
«Қызыл­ор­да­­жылуэлектрорталығы” МКК-на об­лыстық бюджеттен 234 млн. теңге қар­жы
бөлініп 4 қазандық қайта жаң­ғыртудан өтті. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің
жылу жүйесін кейейту жо­басы бойынша құны 1 млрд. теңгеден асатын қуаттылығы
5,44 шақырым жылу желілеріне кеңей­ту жұмыстары атқарылды. Бүгінгі таңда
нысанды қабылдау жұмыстары жүргізі­луде.

Сонымен қатар жылу беру мау­сымын
үздіксіз өткізу мақсатында Қа­зақстан Республикасы Үкіметі қорынан «Оңтүстік
қазандық” филиалы үшін 16,4 мың тон­на мазут алуға 873 млн. теңге және Қы­зылорда
жылу электр орталығы үшін газ құнын субсидиялауға 378 млн. теңге бөлінді. Ал,
2015 жылы құны 665 млн. теңгеге ұзындығы 2,6 шақырымды құрай­тын
Қызылорда қа­ласындағы жылу же­лі­лерін қайта жаң­ғырту бойынша үш жоба­ны
жүзеге асыру жоспарлануда.

Облыстық бюджеттен 75 млн.
теңгеге «Қы­зылордажылу­электр­ор­талығы” мем­ле­кет­тік ком­му­налдық
кәсіпорнының қай­­та жаң­ғырту және кеңейту” жо­басын мем­­лекеттік са­раптама
қо­ры­тын­дысымен тех­ни­калық эконо­ми­калық негіздемесі әзір­­ленді. Бұл жоба
іске асырылған жағ­дайда электр қуатын 235 МВт жә­не жылу қуаттылығы сағатына
400 гиго­калорияға жеткізу, сондай-ақ, аймақтың сыртқы энергия көздеріне
тәуелділік жойы­лып, алдағы уақытта құрылысы са­лы­на­тын
индустриялық-инновациялық кәсіп­орын­дарға қосым­ша электр энер­гиясы бе­рі­летін
болады.

Соңғы жылдары қызылорда­лықтар
үшін тиімді ұйымдастырылған істің бі­рі ол газбен қамтамасыз ету жайы жан­дан­дырылып
келеді. Қазіргі таңда, об­лыс бойынша Қызылорда қаласының 95 пайызы ілеспе
газбен қамтамасыз еті­ліп отыр. Ал, облыстың қалған аудан ор­талықтары мен қала
маңындағы елді ме­кендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шым­кент” магистральды газ
құбырының бойында қарастырылған бұрыптар арқы­лы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Осы орайда айта кету керек,
Қызыл­орда облысын кешенді газдандырудың бірінші кезеңі 2015-2017 жылдары ара­лығында
21 елді мекенді газбен қам­тамасыз ету жоспарлануда. Бұл жұмыстар тиісті
дәрежеде жүзеге асы­рылған жағ­дайда осы кезеңде Қызылорда облысы халқының 70
пайы­зын газбен қамтуға қол жеткізіледі. Аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін
өткен жылы 5 техникалық-эко­но­­микалық негіздемені және 10 жо­ба­лау-сметалық
құжаттаманы әзір­леу үшін облыстық бюджеттен 569,5 млн. теңге бөлінсе, бүгінгі
күн­ге 4 техникалық жобалау-сме­та­лық құ­жат­тама әзірленіп, олардың мем­ле­кеттік
сараптама қоры­тын­дысы алын­ды. Қалған жобалау-сме­талық құ­­­жат­­та­маларды
әзірлеу жұ­мыс­тары ағым­дағы жылдың соңына дейін аяқта­лады.

Сонымен қатар Қызылорда
облы­сы­ның әкімдігі мен «ҚазТрансГаз” АҚ ара­сында жасалған меморандумға сәй­­кес
барлығы 23 млрд. теңгеге 4 ау­дан орталығында, яғни, Арал қа­ласы, Әйтеке би
кенті, Шиелі және Жа­­ңақорған кенті мен Байқоңыр қа­ла­сы­на
автоматтандырылған газ тара­ту стан­саларының құрылысы мен квар­тал­ішілік газ
құбырларының құры­лысын са­лу келісілген. Бүгінгі таңда, бес елді ме­кен
бойынша жобалау-сметалық құ­жат­тамаларды әзірлеу жұмыстары жүргі­зілуде.
Аталған жобалар жүзеге асқанда облыстың 23 пайызы табиғи газбен қам­тамасыз
етілетін болады. Ал, қалған сегіз автоматтандырылған газ тарату стан­саларының
құрылысын салып, елді ме­кендерді газдандыру жұмыстарын рес­публикалық бюджет
есебінен 2015-2017 жылдары аралы­ғында жүргізу жос­парлануда. Сондай-ақ,
ағымдағы жылы Жо­салы және Сексеуіл кенттерінде АГРС-тар құ­ры­лысының
жобалау-сме­талық құжат­та­маларын әзірлеу үшін 113,9 млн. теңге көлемінде
қаржы бөлініп, бү­гінде бұл жұмыстар қолға алынған.

Сонымен бірге Қызылорда
қала­сының Қызылжарма ауылдық округін және Тасбөгет кентін газдандыру үшін
биылғы жыл­ға республикалық бюд­жеттен 1,2 млрд. теңге қаржы бө­лініп,
құрылыс-мон­таж жұмыстары жүр­гізілуде.

Жалпы, облыстық бюджеттен
12 жо­­ба­лау-сметалық құжаттама әзір­леу үшін 2015 жылға 381 млн. теңгеге бюд­жеттік
өтінім ұсынылса, келер жы­лы Қызылорда қаласындағы газдан­дырылмай қалған
тұрғын үйлерді газ­дандыру, Қарауылтөбе, Талсуат ау­ылдық округтерін, Белкөл
кенттерін газбен қамтамасыз ету үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 1183,4
млн. теңгені құрайтын 4 жоба бой­ынша бюджеттік өтінім ұсынылды.

2011 жылдан бастап
Елбасының бас­тамасымен қолға алынған «Қазақ­стан Республикасының тұрғын үй-ком­му­нал­дық
шаруашылығын жаң­ғыртудың 2011-2020 жылдарға ар­налған” бағдарламасы аясында
көп­қабатты тұрғын үйлер жөн­деуден өткі­зіліп жатқандығы белгілі. Бү­гінгі
таңда Қызылорда облысы бойынша 1096 көпқабатты тұрғын үй бар болса, оның 70
пайызы күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізуді қажет етеді. Бұл үйлердің көбісі
20-30 жылдан бері жөндеуден өтпеген.

Осы бағдарлама аясында
облыс бой­ынша 81 көпқабатты тұрғын үй­лерге күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізуге республикалық бюджеттен 1814,255 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда
Қызылорда қаласы бойынша жоспарланған 72 үйдің 42-нің жөндеу жұмыстары
аяқталды. Ал қалған үйлер­дің жұмыстары да аяқталуға жақын. Сонымен қатар,
облыстағы 5 ау­дан бойынша 9 үй де жөндеуден өтті.

Жалпы, алдағы жылы облыс
бойын­ша 115 көпқабатты тұрғын үйлерге күр­делі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
жалпы құны 1762,5 млн. теңгеге Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өті­нім
тапсырылған. Негізі облыста 2020 жыл­ға дейін 570 үйді жөндеуден өткізу көзделуде.

Негізі облыстың коммуналдық
қыз­мет көрсету саласында мемлекет пен же­кеменшік арасындағы әріптестікті да­мыту
бағытында биылғы жылдың со­ңында облыс әкімдігі мен Еуропалық қай­та құру және
даму банкі арасында ау­ыз су мен электр энергиясы және жы­лу беру
кәсіпорындарының жұмысын жан­дандыру мақсатында кредиттік
келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр.

Қорыта келе айтқанда,
бүгінде об­лыс­та тұтынушыларды жарық және жы­лумен, сондай-ақ, таза ауыз су
және газ­бен қамтамасыз етуде кең көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар
Елбасы тапсырмасына орай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң­ғырту ісі де
уақыт өткен сайын қарқын алып келеді. Айналып келгенде, мұның бәрі ха­лықтың
тұрғын үй жайлылығын жақ­сартуға бағытталып отырғаны бел­гілі. Сон­дықтан да
қазіргі күні кешенді түрде жүр­гізіліп
жатқан бұл істер ал­дағы уақыт­та да жалғасын таба бермек.

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз