ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДЕГI БАЯНДЫ БАСТАМАЛАР

54

0

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДЕГI БАЯНДЫ БАСТАМАЛАР

Шындығында,
қайда энергия қуаты жетпесе солар ең алдымен энергоресурстарын үнемдеуге ден
қоятыны белгілі. Мұны бүгінде Әлемдік тӘжірибе де айғақтап кӨрсетіп беріп отыр.
Жиырмасыншы ғасырдың соңында Жапон елі мен Еуропада Өз энергоресурстары
жетіспегендіктен энергияны үнемдеу технологиясын ендіру саласы пайда болды.

Ал, өз кезегінде
мұнай мен га­зы жеткілікті (Ресей, Қазақстан, Таяу Шығыс мемлекеттері мен
басқалары) энергияны үнемдеуші технологияны ендіруге асықпады. Мұндай жағдайды
әр мемлекеттің же­келеген салаларынан да кезік­ті­руге болады. Негізі энерго­ре­сурс­тарын
өндіретін немесе жи­нақтап,
тасымалдайтындарға қара­­ған­да соңғы тұтынушылар энер­гия үнемдеу
бағдарламасын орын­дауда оның алдын алады әрі тиімді пайдаланады. Жалпы бү­кіләлемдік
трендтік жағдаймен са­­лыстырғанда Қазақстанда анау айтты айырмашылық жоқ.
Деген­мен, энергоресурстар жеткілікті болға­нына қарамастан, ол энергия үнемдеу
бағдарламасын тоқтата алмайды. Мұндай мысалды «ҚазГермұнай” БК” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің тәжірибесінен көруге болады. Бұл серіктестік бүгінде
энергия үнемдеуші технологиясын ендіру жөнінен аймақтағы үздік компания атанып
отыр.

Осы орайда
компанияның энер­гия үнемдеу саясатын жүзеге асы­рудың бір сыры бар екенін де
айта кеткен жөн секілді. Көпшілікке бел­­гілі, мұнда мұнаймен қоса шы­­ға­­тын
ілеспе газды өңдеу бағ­дарламасы жүзеге асырылып келе­ді. Экономикалық есеп
көрсет­кіш­тері көрсетіп отырғандай, ком­па­ния ілеспе газды өзінің ішкі қа­жеттілігіне
(электр энергиясын өндіруге, жерасты қабаттарына ай­дауға, ғимараттар мен
мұнайды та­сы­малдау кезінде жылытуға) пай­даланады. Сөйтіп, оның құрғақ газ­ды
өңдеп, тасымалдауға кететін шығыны айтарлықтай азайды.

Соған
қарамастан, «ҚазГермұ­най” БК” ЖШС «Ақшабұлақ» кені­шінде мұнаймен қоса шығатын
ілес­пе газды өңдейтін екі қондырғы орнатып, Қызылорда қаласын газ­бен
қамтамасыз ету жөнінде ау­қымды әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырып келеді.
Бұған қоса, «ҚазГермұнай” БК” ЖШС-ның газ саясатына орай «Кристалл ме­недж­мент”
ЖШС қуаттылығы 87 мВт-тық газотурбиналық электростанция салды. Осы электр
станцияда өнді­рілген электр энергиясының бір бө­лігін «ҚазГермұнай” БК” ЖШС
тұтынады.

Сөйтіп,
кәсіпорынның маңызды энергия үнемдеу бағдарламасын жү­зе­ге асыру үшін
экономикалық себептерді туғызатын жағдайлар түрт­кі болған жоқ. Бірақ, компа­ния­ның
мұнай өндіру мен ара­лас салаларда қазіргі заманғы техно­ло­гиялар трендін
қолдануы оған абы­рой мен атақ әкеліп, беделін кө­терді.

Кәсіпорын
энергоресурстарын тұтынуда негізгі бөлігін табиғи газға (58 пайыз) және электр
энергиясына (41 пайыз), қалғандарын моторлы және қазандық пештері жанар майы­на
пайдаланады. Энергияны үнемдеу жөніндегі жобаның мақсаты жанар май мен
энергетикалық ресурстарды (ЖЭР) тиімді пайдалану және осы ЖЭР үнемдеудің
көздерін ашу мен энергия үнемдеуде кешенді ша­раларды жүзеге асыру болып табылады. Сөйтіп, бастапқыда
оның энергияны үнемдеу мүмкіндігі анық­талды. Ол газ бойынша миллион тек­ше
метрден астамды немесе тұ­тынатын көлемнің 5,5 пайызын, электр энергиясы
бойынша 1800 мың киловатт/сағатты (1 пайыз) құ­рады.

Электр энергиясы
бөлігіндегі бұл мүмкіндікті жүзеге асыру үшін компанияға Р201А/В/С экспортты
насос қуаттылығының реттеу сыз­ба­сын өзгерту қажет болды. Со­ның арқасында
инвестиция сал­май-ақ 1366 мың квт/сағат электр энер­гиясын үнемдеуге жол
ашылды. Ал, бұл дегеніңіз ақшалай есептегенде 13 млн. теңгеден астам екенін
білдіреді. Сондай-ақ, бұрын электр энергиясын көп қажет ететін электр шамдарын
электр үнемдеуші шам­дар­ға ауыстыру ісі үш миллион теңге инвестицияны қажет
етті. Де­генмен, ол өзін-өзі бір жарым жыл ішінде ақтап, шамдарды ауыс­тырудан
жылына екі миллион теңге үнемдеуге жол ашылады екен.

Кәсіпорындағы
энергияны үнем­деу ісі кең ауқымдағы жұмыстарды жүргізудің арқасында мүмкін
болып отыр. Мысал ретінде айтар болсақ, жұмыс істеп тұрған жарық жүйесіне
жауапты тұлғаны бекіту 400 мың теңгені үнемдеуге немесе электр энер­гиясын 45
мың квт/сағатқа үнем­деуге әкелді.

«ҚазГермұнай”
БК” ЖШС-ның өндірісте қолданып отырған
жаңа­шылдығы әлем тәжірибесінде бар. Бірақ, ол біздің аймақта өте аз немесе
жоқ десе де болады. Соның бірі мұнай өндірісінде пайдаланатын су жылытқыш
қазандықтар сыртқы температураны есепке ала отырып автоматты жүйемен
толықтырылған. Бұл іс 1800 мың теңге инвестицияны қажет етті. Бірақ олар өзін
бір жылда ақтады. Сөйтіп, осы жаңашыл­дық­тың арқасында жылына 186 мың
квт/сағат электр энергиясын үнемдеуге қол жеткізілді.

Энергияны
үнемдеу бұл тек газ бен электр энергияны, жанар-жа­ғармайды, сондай-ақ, қаржыны
үнем­деу ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларға да жайлы жағдай жасау. Энергетикалық
аудит өткізу шеңберінде Қызылорда қаласындағы бас офистің жылу сақтау жағдайына
түсірілім жасалды. Осы түсірілім ішкі ауаның температурасы норма­тивті
көрсеткіштен 7-12 градусқа ар­тық екенін көрсетті. Мұндай жағ­дайда
қызметкерлердің толыққан­ды жұмыс істеуі мүмкін емес еді. Сондықтан да олар
әлсін-әл­сін те­резелерін ашып алатын. Жы­лу жүйесінің сыртқы тем­пера­ту­ра­ға
байланысты осы жай­ла­ры ретке келтірілгеннен кейін қыз­меткерлердің жайлы
бөлмелерде жұмыс істеуіне жол ашылып,
қазандықтың жанар май жұмсау шығыны да азайды.

Сонымен,
«ҚазГермұнай” БК” ЖШС энергия үнемдеу бағытындағы жұмысы бүгінде өз нәтижесін
беріп отыр. Демек, компанияның бұл тә­жірибесі көпке үлгі боларлықтай. Өйткені,
мұндай әдіспен жұмыс істеуден ұтпасаң, ұтылмайтының анық.

 

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз