ЕРЕЖЕНІ БҰЗҒАНДАРҒА ЕРКІНДІК ЖОҚ

46

0

Биылғы жылдың алғашқы жартыжыл­дығында
Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мамандарының
күшімен жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы заңнаманы
бұзушылар көптеп анықталды. Оның ішінде заңсыз балық аулаған 472 жағдайда
хаттама толтырылып, 79 іс құқық қорғау органдарына, оның 61 ісі сотқа жолданды.
Сөйтіп, 42 тұлғаны сот қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім
шығарылды. Жалпы осы мерзім ішінде 15 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде бес
тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Негізі өткен алты айда инспекция құқық
органдарымен бірлесе отырып 35 рейд жүргізді.

Шындығында, «балық та байлық” дейміз. Ал сол байлықты қорғап, көбейтуге
мән бере бермейтініміз де жасырын емес. Немесе балық аулау ережесін
сақтамайтынымыз қалай? Мысал ретінде айтар болсақ, инспекция бойынша осы алты
айда балық аулау ережесін бұзған үшін 380 тұлғаға 2160921 теңге айыппұл
салынып, оның 2022021 теңгесі өндірілген. Ал, табиғатқа келтірілген залалы үшін
159 тұлғаға 473478 теңге қуылым салынып, оның 367556 теңгесі өндірілді.

Жалпы аталған мерзім ішінде балық аулау ережесін бұзушылардан
тәркіленген балықтың салмағы 1879,2 келі болып, оның бағасы 171216 теңгені
құрады. Осы соманың 65155 теңгесі өндірілді. Сонымен қатар балық аулау ережесін
бұзушылардан 118 дана ау құралдары алынып, тәркіленді.

А.ДҮЙСЕНОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз