ЕРЛІК ІЗІ ӨШПЕЙДІ

60

0

Майдан
даласында қалған қаншама қыршындардың қанымен, ботасынан айырылып, бозінгендей
боздаған ақ шашты ана мен қасіретті әкенің, жесір келін мен жетім баланың көз
жасымен келген Ұлы Жеңіс мерекесін қала
ардагерлері лайықты атап өтті. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасында ҰОС және тыл ардагерлерінің, аймақтағы әскери бөлім
сарбаздарының, оқытушылар мен
студенттердің, мектеп оқушылары мен белсенді
оқырмандардың қатысуымен өткен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс” атты патриоттық
кеш көпшілік көңілінен шықты.

Кездесуге
келген Ұлы Отан соғысының ардагерлері ІІ дәрежелі Ұлы Жеңіс, ІІІ дәрежелі
«Даңқ» ордендері мен Будапештті азат еткені үшін және Ұлы Жеңістің әр он
жылдықтағы мерекелік медальдарының иегері Ибрагим Нұрымбетов, ІІ және І
дәрежелі Отан ордендері мен 17 медальдің иегері, Ұлы Жеңістің мерекелік және
”Астана қаласына – 10 жыл” медальдары мен өзі қызмет жасаған орталық есеп басқармасының арнайы белгісімен, түрлі мадақтауларымен марапатталған Әбдірауық Сатыбалдиев, Курск
иініндегі шайқасқа қатысқан, Ұлы Отан соғысы ордені мен Варшаваны азат еткені,
Кенигсбергті алғаны, Германияны жеңгені үшін, К.Г.Жуков атындағы және Ұлы
Жеңістің әр онжылдықтағы мерекелік медальдарымен наградталған Сергей Руденко
жас ұрпаққа өздерінің жүріп өткен жорық жолдары жайлы әңгімеледі. Бүгінгі
ұрпақты Тәуелсіздіктің, Отанның, Бейбітшіліктің қадірін білуге, туған жерді қастерлеуге шақырды. Ардагерлер
болашақ сарбаздарға отансүйгіштікке, патриотизмге шақыратын майдангер хатын
табыстады.

Кездесу
барысында соғыс жылдарының әндері шырқалып, жорық жолдарынан түрлі көріністер
көрсетілді. Кешке қатысушыларға әскери дала асханасынан дайындалып, темір
тостағанға салынған солдат ботқасы мен қара нан таратылды.

Мұнан
кейін облыстық ардагерлер кеңесі ҰОС жылдары танк бригадасында командир ретінде
Днепропетровск қаласы мен Молдавия, Румыния, Венгрия, Югославия елдерін
басқыншы жаудан азат етуге атсалысқан Михаил Баевтың отбасында болып,
майдангерді мерекесімен құттықтады.
Елге 1950 жылы оралған ол жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденінің, «Ұлы
Жеңістің” мерекелік және «Астана қаласының 10 жылдығы” медальдарының иегері
танылған.

Қызылорда
қаласында дүниеге келіп, 20 жасында алапат соғысқа енген тағы бір ардагер
Қожахмет Бектанов Украина, Белоруссия, Венгрияны азат етуге атсалысты.
Соғыстағы жанқиярлық ерлігі үшін ол К.Г.Жуков атындағы, Германияны алғаны үшін
және Ұлы Жеңістің әр онжылдығы мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан соң аймақтың ауыл
шаруашылығы саласында жемісті еңбек етті.

Ардагерлерге
құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз