ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІМНІҢ ЕЛЕНБЕГЕНІ ҚАЛАЙ?

66

0

Мен қырық жылға жуық аудандағы №51 мектепте математика пәнінен дәріс бердім. Ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналыстым. Жоғары санаттағы мұғаліммін.
2013 жылы 58 жасқа толуыма байланысты зейнеткерлікке шықтым.

Мен осы мектепте
оқыдым. Үзбей осында ұстаздық қызмет атқардым. Яғни, жарты ғасыр ғұмырым осы
мектепте өтті. Өкінішім, мектеп директоры М.Тұрабаев мені оқу жылының
аяқталуына төрт ай қалғанда жұмыстан шығарды. Ең болмаса жарты ставкамен оқу
жылын аяқтайын деген өтінішіме де қарамады. Бұрынғы жетістіктерім еленбеді.
Неліктен? Осыған түсінбеймін. Ұзақ жылдар бойы шәкірттер алдындағы еселі
еңбегім үшін бірнеше рет аудан әкімінің, облыстық білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан” партиясының, Білім және ғылым
министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталдым. Үздік шәкірттер
дайындағаным үшін Тараз мемлекеттік университетінің дипломын алдым. Бұдан басқа
да көптеген марапаттарым бар.

Қазіргі таңда
мектептерге тәжірибелі ұстаздар ауадай қажет. Себебі, жас ұстаздар жетілем
дегенше олардың біз сияқты ұстаздардан тәрбие-тағылым алғаны шәкірттерге
пайдалы деп ойлаймын. Осы тұрғыдан келгенде менің өтінішіме аудандық білім
бөлімі түсіністікпен қарайды деген үмітпен сіздерге хат жазуды жөн көрдім.

Дина БАШАРОВА,

№51 М.Қаратаев
атындағы мектеп.

Жаңақорған ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз