ЕСТЕ БОЛАР ЕРЕЖЕ

73

0

Күн күрт
ысыса, өзен, көл жағалап, суға түсушілер қарасы артады. Кейде суға түсу
ережесін білмегендіктен, яки белгіленген аумақтан асып кету салдарынан оқыс
оқиға орын алады. Осы мәселелердің алдын алу үшін суға түсу ережесін әрбір адам
білгені абзал.

Осы
орайда, «Жалын” тынығу лагерінде Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің
ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жастарға өз өмірлеріне бей-жай қарамай, су, өрт
жағдайларына байланыс­ты өз-өзін қорғау, қауіпсіздік ережелерін үйрету болды.

Сонымен
қатар, суға түсу ережелерін, құтқару шаралары, алғашқы медициналық көмек
көрсету және өрт оқиғасын болдырмау, алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң
сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, жиын барысында төтенше жағдайлар орын алған
кезде заманауи техниканы пайдалану және автоматты дабыл қондырғысын дұрыс қағу
ережесіне тоқталып, дене жарақатын алған адамдарға алғашқы көмек көрсету
жолдарын да кеңінен талқылады.

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз