ГАЗ ҚҰБЫРЫНДАҒЫ АҚАУ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

85

0

Облыс орталығына табиғи газ АГТС-1 (автоматты газ тарату станциясы) мен АГТС-2-ден шығатын магистральды газ құбырлары арқылы беріледі.
Кеше сағат 11:35 шамасында қала іргесіндегі №2 автоматтандырылған газ реттегіш станциясынан ақау шығып, жұмысы уақытша тоқтатылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының бригадалары қосалқы нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Осыған байланысты «Qyzylorda» телеарнасына сұхбат берген мамандардың айтуынша, ақау құбырлардың ажырап кетуінен шыққан көрінеді.
– Газ құбырындағы ақауға байланысты біз «Қызылорда жылу электр» орталығын резервтік отын – мазутқа көшірдік. Ал қалаға газ АГРС-1-дің магистральды құбыры арқылы берілуде. Ешқандай мәселе туындап отырған жоқ, – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усайн.
Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағамбетовтің айтуынша, мамандар ақауды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаны зерттейтін арнайы комиссия құрылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз