ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ ОРТАЙМАЙДЫ

55

0

Біздің мемлекеттің салық саясаты экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде үйлестіруші, реттеуші рөл атқарып келеді. Мемлекетіміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты.
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаевпен газет тілшісінің әңгімесіне осы тақырып арқау болған еді.
– Серік Жолдасбекұлы, салық қызметінің жұмыс сапасы болжамдалған көрсеткіштердің орындалуымен баға¬ланады. Бюджеттің кіріс  бөлігі тү¬сімін қамтамасыз ету салық қызметі органдарының негізгі міндеті екені белгілі. Осы ретте  мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қор  түсімдері туралы айтып өтсеңіз.
Қызылорда қаласы бойынша 2014 жылдың 1-шілдесіне  шоғырландырылған бюджетке жалпы салықтар және төлемдердің түсімі  207 020,2 млн. теңгені құрады (оның ішінде ҚР Ұлттық қорға 196 261,5 млн. теңге). Есепті кезеңге мемлекеттік бюджеттің болжамы 8 377,4 млн. теңге, нақты түскен түсім 10 758,7 млн. теңге, орындалуы 128,4 пайыз немесе бекітілген болжамнан 2 381,3 млн. теңге артық түскен. Оның ішінде республикалық бюджет болжамы 104,3 пайызға орындалды немесе бекітілген болжамнан 1 401,4 млн. теңге артық. Ал жергілікті бюджет  болжамы 111,6 пайызға орындалып 979,8 млн. теңге артық түсті. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ҚР ҚМ СҚ  құзыры шегіндегі  мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің өсу қарқыны 112,2  пайыз немесе  2 089,0  млн. теңгеге артқан, оның ішінде республикалық бюджет түсімінің  өсу қарқыны 119,6 пайыз және жергілікті бюджет 104,3 пайыз болды.  
Қызылорда қаласы бойынша жергілікті бюджет болжамы 112,6 пайызға орындалып немесе болжамнан 832,8 млн. теңге артық түскен. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 2 614,2 млн.теңгеге артық түскен, немесе өсу қарқыны 154,0 пайыз. Қызылорда облысы бойынша салық департаменті соңғы жылдары Республикадағы салық департаменттерінің арасында алдыңғы қатарды иеленіп келеді. Осы көрсеткіштерге Қызылорда қаласы салық басқармасының да үлкен үлесі бар екендігін айта кеткен жөн.
– Бүгінгі таңда бюджет түсімдерінің қосымша көздерін табу, салық базасын кеңейту барынша маңызды мәселенің бірі болып табылады. Бұл бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр? Салық төлеушілердің бюджетке қарыздарын өндіру жөнінде не айтасыз?
Басқармамен кіші және орта бизнес субъектілерінен түсетін түсімді көбейту, осы бағытта салықтық әкімшілендіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Резерв көздерін іздестіру мақсатында 2014 жылдың жартыжылдығында кәсіпкер ретінде тіркелмей, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген 2588 жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде тіркетілді. Оның ішінде ОІІД-ның қала төнірегінде  бейнебақылау камераларына түскен таксилердің суреттері бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, 644 хабарлама жолданып, нәтижесінде 448 такси иелері дара кәсіпкер ретінде тіркетілді. Сонымен қатар, заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысып жүрген (автобус) иелерімен жүмыстар жүргізіліп, 287 автобус иесі, шаштараз қызметімен айналысатындар – 44, тойларда ақылы түрде қызмет түрлерін көрсетіп жүрген асаба, әнші, бишілер – 13, суретке түсірумен айналысып жүрген – 18, жылжымайтын мүліктерді жалға берумен айналысатын 123 жеке тұлға, жүк көліктерімен тасымалдаумен айналысып жүрген 128 жеке тұлға, емшілік қызметпен айналысып жүрген – 4, қонақ үй қызметі – 8, басқа да кәсіп түрлерімен айналысатын 1515 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркетілді. 
Сонымен қатар, қала көлеміндегі кейбір салық төлеушілер салық органдарына тапсыратын салық есептіліктерін нөлдік көрсеткішпен немесе нақты табысынан төмен табыстар көрсетіп тапсыруда, нақты жұмыс жасап отырған жалдамалы жұмысшыларын көрсетпей, келісімшартқа отырмай, қолдап айлықтарын төлеп, салық төлеуден үнемі жалтаруда. 
Салық төлеушілердің бюджетке қарызы жөнінде айтатын болсақ,  берешегі бар салық төлеушілерге салық берешегін өтеу жөнінде 12 968,8 млн. теңгеге 4 481 хабарлама, міндетті зейнетақы жарнасынан 296,1 млн. теңгеге 1 794 хабарлама, әлеуметтік аударымдардан 154,0 млн. теңгеге 1 095  хабарлама  құрастырылып таратылды. Берешегі 6 475,5 млн. теңгені құрайтын 523 салық төлеушінің салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу үшін инкассалық өкім қойылған, оның өндірілгені 144,9 млн. теңге.  Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2014 жылдың 1-шілдесіне салық және басқа да міндетті төлемдерден бересі сомасы 2 802,0 млн. теңгені, берешегі 4 593,2  млн. теңгені құрады. 2014 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда бересі  369,8 млн. теңгеге немесе  11,7  пайызға төмендеп отыр, ал берешегі 540,6 млн. теңгеге немесе 10,5 пайызға төмендеп отыр.
– Салықтық қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың барысы қалай? 
– Өткен жылғы салық төлеушілердің «Сандж» зерттеу орталығының 2013 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесіне байланысты республика бойынша Қызылорда облысы салық департаменті 4 орынға ие болды. Сондай-ақ, зерттеу барысында анықталған кемшіліктерді жою, салықтық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар атқарылуда. ҚР Салық кодексі және салықтандыруға байланысты басқа да Заң актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды салық төлемгерлеріне жеткізу, түсіндіру, ұғындыру және салық органының имиджін көтеру, салық төлемгерлерінің салықтық мәдениетін жоғарылату мақсатында салық төлеушілер мен қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 29 семинар-кеңес,  кездесу, дөңгелек үстел, лекция өткізілді.
– Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында  шағын және орта бизнесті дамыту мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алудың маңыздылығы айтылған,  осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды?
– Елбасымыздың халыққа жол¬дауындағы басым бағыттардың  ішінде шағын және орта бизнесті дамытумен сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алудың маңыздылығы айтылды. Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан мемлекет шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасалынуда. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында  заңдылық  аясында үнемі және жүйелі түрде жұмыс жасауға міндеттіміз. 
Басқарманың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, оның ішінде коррупциогенді салаларда аса мән беріле отырып бекітілген іс-шара жоспарларына сәйкес түрлі іс-шаралар  жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2014 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан барлығы 172 жазбаша арыз,  оның ішінде 160 жеке тұлға мен жеке кәсіпкерден, ал 12 заңды тұлғадан түскен өтінімдер. Олардың басым көпшілігі анықтама алу, салық заңнамасы бойынша түсіндірмелер алу бойынша.  Барлығына заңға сәйкес мерзімде анықтама, жауаптары берілген. Сонымен қатар, басқармада «30-18-53»  сенім телефоны қызмет атқарады.
Ашықтық, жариялылық принциптеріне негізделе отырып, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында «Салық заңнамасы және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері» жөнінде азаматтарды қоғамдық қабылдау жиі-жиі жүргізіліп отыр. Сол сияқты, «Салық қызметі – жемқорлыққа қарсы», «Сұрақтарыңыз болса  – сұраңыз»  тақырыптармен бірнеше «ашық есік» күндері өткізілді.  Жергілікті және республикалық басылым беттеріне 47 мақала,  радио және телеарналарда 30 сұхбат сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында үнемі 1 бөлімде, әсіресе коррупциогенді салаларда  маманның ұзақ уақыт жұмыс жасамау үшін жүйелі түрде қызметкерлерді ауыстырып отыру (ротация) тәжірибесі де жүргізіледі.  
Осы аталған шаралардың нәтижесіз еместігін де атап өткім келеді. 
– Серік Жолдасбекұлы, 9 шілде – Салық қызметі күні, өзіңіз әріптестеріңізге құттықтау айта кетсеңіз. 
– Құрметті әріптестер! Сіздерді  Салық қызметі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егеменді еліміздің  қазынасын  толтыруда,  өркениетті  еліміздің  гүлденуіне қосқан  үлестеріңіз өз  жемістерін беруде. Мемлекеттік  бюджетке салықтар мен алымдардың уақытылы және толығымен түсуі  арқасында  егеменді  еліміздің  индустриясы, басқа  да  салалары  дамыған үстіне  даму  үстінде. Кәсіби  мереке  күні  баршаңызға  зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық-саулық, береке-бірлік  тілеймін. 
– Әңгімеңізге рахмет. 
Әңгімелескен Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз