ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

208

0

Елбасы таңдаған сарабдал жолдың басты тірегі – халыққа қызмет көрсету. Халыққа қызмет ұлтымызға, кең байтақ жерімізге деген патриоттық сезімнің белгісі.
Бүгінде мемлекеттік саясатқа адал Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне тұрғындардың сенімі ынтымақтастық тұрғысынан үлкен серпін беріп келеді. Қазақстанның әрбір азаматы ХҚКО тарапынан өзін жан-жақты қамқорлыққа алынған тұлға ретінде сезінуі әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан табылуға деген құлшынысын арттыра түсері анық. Халыққа қызмет көрсетуші орталық қызметкерлері тұрғындарға сенімді көмекші ретінде көзқарас қалыптастырды. Бұл парасатты қадам – басшының мәуелі жемісі. Осындай парасатты басшы, халыққа қызмет көрсету саласының майталманы Аида Әбибуллаева аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан, білімді де іскер, кәсіби маман. Жуырда Аида Ибрагимқызы «Қазпошта» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы қызметіне тағайындалды.
Аида Ибрагимқызы өңірде ең маңызды салалардың бірі – Халыққа қызмет көрсету орталығына жетекшілік етті. Халықпен тығыз байланыс орнатып ел дамуының артуына зор үлес қосты. Облыс тұрғындарына «Халыққа қызмет мерейлі міндет» деген ұстаныммен қызмет етті. Өзге салалармен де белсенді жұмыс жүргізді. Енді іргелі мекеменің бірі «Қазпоштаның» қызмет аясына тың серпін беріп, тұрғындардың ұсыныс- сұранысын арттырмақ.
Жаңа қызметке тағайындала салысымен «Қазпошта» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының жаңа басшысы Аида Әбибуллаева алғашқы күннен-ақ жұмысына кірісіп кетті.
Бірінші жұмыс күні қызметкерлермен етене танысып, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысып, тиісті тапсырмалар беру арқылы жоспарларын бекітті. Осы күні «Қазпошта» қызметімен танысуға келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызы жаңа басшыны қызметімен құттықтап сәттілік тіледі.
Халық қалаулысы мекеменің тыныс тіршілігімен танысып болғасын, ұжымға Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды хабардар етті.
Қазақ ырымшыл халық қой алғашқы құтты қонақтың жылы лебізін, ақ тілегін жақсы ырымға баулыған біз Аида Ибрагимқызына алдағы қызметте тек абырой биігінде болсын деген тілегімізді білдіреміз.
Бүгінде «Қазпошта» – елдің барлық тұрғындарына пошталық және қаржылық қызметтер көрсететін және республика бойынша 22 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған еліміздегі ірі компаниялардың бірі.
Гүлнәз БАДРАҚОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз