ХАЛҚЫМЫЗ ТАҢДАҒАН ЖОЛ

50

0

Конституция кіріспесіндегі: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді
еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам
деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары
жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала
отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», — деген сөз еліміз ұстанып келе жатқан
стратегиялық бағдарламаның басты кепілі деуге толық негіз бар.

Конституцияда еліміздің
көп­ұлтты құрылымы, оның себептері мен тарихи жо­лы ескеріліп, ұлтаралық қа­ты­­нас
мәселелері мен оған қой­ылатын міндеттер де ай­­қын көрсетілген. Қоғам­дық
татулық пен саяси тұ­рақ­тылық бірінші орынға қой­ылды. Тәуелсіздігіміздің ті­регіне
айналған Ата заң – мем­лекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-эко­номикалық,
әлеуметтік ре­фор­малардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Қазақстан хал­қы Ас­самблеясының облыс­тық хат­шылығының ұйым­дас­ты­руымен
Ә.Тәжібаев атын­дағы облыстық әмбебап-ғы­лыми кі­тап­ханада өткен «дөң­ге­лек
үстел» отырысына қа­ты­сушылар осындай ойларын жеткізді.

Еліміздің басты құжаты­ның
маңызы жайлы «дөңгелек үстелге» қатысушы «Нұр Отан” партиясы облыстық фи­ли­алы
төрағасының орынба­са­ры Жандос Базартай, Қор­қыт ата атындағы ҚМУ-дың жас
ғалымдары Нұрлыбек Мың­жас пен Ғани Байұлы, «Жас Отан” жастар қанатының ат­қа­рушы
хатшысы Еркебұлан Меңлібаев, сондай-ақ ұлт­тық-мә­дени орталықтар мен үкі­меттік
емес ұйымдар өкілдері пікірлерін білдірді. Олар со­ны­мен қатар, Қазақстан
халқы Ассамблеясының елдің саяси өміріндегі айрықша орынға ие екенін атап өтті.
Бұл қоғамдық институт конституциялық ста­­тусқа ие және өз өкілдерін Пар­­ламент
Мәжілісі мен Се­на­тына жіберу құқығы бар. Ассамблея еліміздегі ұлттар мен діни конвенциялар ара­сындағы
өзара түсіністік пен та­тулық қарым-қатынасқа лай­ық­ты үлес қосуда.

Бақтыбай
БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз