ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҚАЙРАТКЕР

228

0

ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҚАЙРАТКЕР

Бейсенбіде Қызылордада №9 поли­тех­никалық колледжде мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың бюсті ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, М.Ықсановтың қызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Ықсанова және қайраткердің әріптестері мен жерлестері қатысты.

Алғаш болып
сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шараның маңызына тоқталып, жылы
лебізін арнады.

– Құрметті зиялы қауым! Қазақ қашан да өткенге салауат айтып, болашаққа аманат жүгін қалдырған. Сондықтан да ел тари­хында асылдарын ардақтап, ұлы­ларын ұлықтай білген. Өткенін бағалай білу өнегелі ұрпақтың ісі, елдіктің белгісі. Заман өзгерген сайын өткен қоғам да, сол қоғамда өмір сүрген адам­дардың дабейнесі өзгеруі мүмкін. Десек те, жар құлағы жастыққа тимей, ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп, көп мақсатқа күш-қайратын жұмсаған азаматтарын елі мәңгі естен шығармаған. Міне, артына өшпес із қалдырған тұлғаның бірі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсанов. 1926 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген Мұстақым Біләлұлы бүкіл саналы ғұмырын халқының игілігіне жұмсап, елінің жарқын келешегіне арнаған азамат.

ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ҚАЙРАТКЕРЕлбасы, Ұлт көшбасшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев­тың: «Адам мәң­гі жасамайды, мәңгі жасайтын оның ісі» деген ұлағатты сөзімен айтсақ, Мұс­тақым Біләлұлы өнегелі өмірімен, өрнекті тіршілігімен, қажырлы қайратымен, ұлтжанды мінезімен ел есінде мәңгі сақ­талған тұлға. Ол Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, жаңаша дамуына, тұр­ғындардың берекелі де бақуатты өмір сүруіне айрықша еңбек сіңірген адам. Сыр өңірінің ырысының артып, берекесінің тасуына тікелей ықпал жасады. Бүгін, міне, ізіне ізгілік қалдырған ардақты азамат Мұстақым Біләл­ұлының есімін ұлықтау үшін облыс орталығындағы №9 поли­техникалық колледжді Ықсановтың атымен атап, ескерткіш бюсін ашып отырмыз. Бұл шара қасиетті де киелі, Алаштың анасы атанған Сыр елінің азаматының қадірін, жасалған еңбектің бағасын біле­тіндігінің дәлелі емес пе?– дей келе, жиылғандарды бюсттің ашылуымен құттықтады.

Сондай-ақ, жиында облыс ардагерлері атынан дербес зейнеткер, облыстың құрметті азаматы Абдолла Дәулетов, Батыс Қазақстан облысы М.Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев және Батыс Қазақстан облы­­сындағы №36 М.Ықсанов атын­­дағы орта мектептің дирек­торы Әзима Ғұбашева сөз алып, Мұстақым Біләлұлының қай­раткерлік тұлғасы жайлы әңгімеледі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қайраткердің қызы Гүлнәр Ықсанова бюсі салтанатты түрде ашқан соң, гүл шоқтары қойылды. Жиылғандар М.Ықсановқа арналған аудитория-мұражаймен танысты.

Тағылымды шара онан әрі облыс әкімдігінің мәжіліс залында М.Ықсановтың өмірі мен еңбек жолына арналған танымдық конференциямен жалғасты. Жиынға Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысынан өкілдер қатысты.

Конференцияны
ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауқымды шараның мақсаты жайында айтып
өтіп, М.Ықсановтың қызмет жолы, оның ішінде Сыр өңірінде басшылық жасаған
кезінде атқарған ізгі істеріне тоқталып өтті.

– Біз
өткенімізді саралап, келешегімізді бағамдай білетін халықтың ұрпағымыз.
Сондықтан өз кезегінде халық үшін еңбегін аямай, елім деп жастық күш-жігерін
жұмсаған ұлыларымызды ұлағаттап отыру азаматтық парызымыз деп білеміз. Бүгін
біз мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановты еске алып, оның
өмірі мен еңбек жолына арнап танымдық конференция өткізіп отырмыз. Құрметті
қонақтар, Алаштың анасы атанған Сыр еліне қош келдіңіздер!– дей келе, Қырымбек
Елеуұлы М.Ықсановтың Сыр топырағындағы елеулі ізі, ерен істері туралы баяндады. Онан соң қатысушылар М.Ықсановтың өмір жолы
жайында дайындалған деректі фильмді тамашалады.

Баяндамалар
кезегін Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар бастады. Мәлік Иманқұлұлы хабарламасын М.Ықсановтың
есімін есте қалдыру бағытында ұйымдастырылып жат­қан шара­ларға ризашылығын
білдірумен бастады.

– Бүгін
Қызылорда қаласын­дағы білім ордасына мемлекет және қоғам қайраткері
М.Ықсановтың есімі берілуі және оқу ордасының
алдында ағамызға арнап ескерткіш бюст­тің орнатылғанына, бүгінгідей
танымдық конференцияның ұйымдас­тырылғаны үшін облыс әкімі және Батыс Қазақстан
облысы делегациясы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз,– дей келе,
М.Ықсановтың өмірі, туған жерінде қалдырған игілікті ізі жөнінде әңгімеледі.

Өз
кезегінде бұрынғы Су шаруа­шылығы мемлекеттік коми­тетінің төрағасы Нариман
Қыпшақбаев Мұстақым Біл­әл­ұлының су маманы ретінде атқарған істеріне тоқталса,
Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Өмірхан Көзбасов М.Ықсановтың Оңтүстік
Қазақстан облысының дамуына қосқан сүбелі үлесі жайында айтып өтті. Қоғам
қайраткері Сабыр Арыстанбаев оның қайраткерлік қырын, іскер әрі
ұйымдастырушылық қабі­летін әңгімеледі.
Мұстақым Ықсанов 1952 жылы Қазақ ауыл­шаруашылық институтын бітір­ген соң
Алматы қаласындағы Фрунзе аудандық комсомол комитетінің хатшысы болады. Содан соң өз мамандығы бойынша су құрылысы
және техника саласына жұмысқа ауысады. Ол Жетісай құрылыс басқармасының
қатардағы қызметкері болып бастап, басқарма бастығы дәре­жесіне дейін
көтеріледі. 1958 жылы Бетпақдала ирригация құры­лысы тресінің бастығы қызметіне
жіберіледі. 1961-1966 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ильич аудандық
партия комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы
басқармасының бастығы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
қызметтерін атқарған. Ол Сыр өңірін басқарған тұста қор­даланған мәселелердің
шешімін табуға ұйытқы болды. Әсіресе, ауылшаруашылық саласының өркендеуіне
мүмкіндік жасады. «Дала академигі» атанған Ы.Жақаев осы жылдар ішінде күріштен
рекордтық өнім алып, аты әлемге танылды. М.Ықсанов биліктің өзге салаларында
жемісті еңбек етіп, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен
марапатталған.

Конференцияны
қорытын­дылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев елі үшін аянбай еңбек етіп,
артында өшпес із қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың
есімі елі барда, халқы барда ешқашан ұмытылмайтынын, ол кісінің өнегелі өмір
жолы кейінгі жас ұрпаққа үлгі екенін айтты.

 

Айнұр
БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз