ХАЛЫҚТЫҢ ОРТАҚ МЕРЕКЕСІ

54

0

Теңгенің айналымға енгізілгеніне 20 жыл толды. Сонымен бірге біз, қаржыгерлер өзіміздің төл мерекемізді атап өтіп отырмыз. Теңгенің мерейтойы – біздің ғана емес, тұтас елдің мерекесі. Ол Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Ол Қазақстан Республикасының конституциялық заңына сәйкес тұрақты түрде мерекеленіп келеді. 
Бүгінгі күнгі барлық жетістіктерімізді біз тәуелсіздікпен байланыстырамыз. Елбасының дәйекті саясатының арқасында Қазақстан әлемдік өркениет көшіне ілесті. Елбасын, Қазақстанды әлем жұртшылығы тани бастады. Бұл тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының атқарған қыруар жұмысының жемісті нәтижесі деп білемін.
Еліміз қазір «Қазақстан – 2050»  стратегиясын жүзеге асыру мақсатына жұмылған. Мемлекет басшысы таяу болашақта Қазақстанды әлемдегі 30 озық мемлекеттің қатарына қосу міндетін алға қойған болатын. Бұл – жай ғана болжам, жоспар емес, нақты есептерге, мүмкіндіктерге сүйеніп жасалған меже. Ішкі жалпы өнімнің өсімін бір ғана шикізат өнімдерінің есебінен ғана емес, шағын және орта бизнестің, өңдеу өнеркәсібінің өнімімен ұлғайту міндеті қойылды. Қазір жер-жерде осы мақсатта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Тәуелсіздік жылдарымен бірге теңге де айналымға енгеннен кейін бірқатар күрделі асуларды еңсерді. Ол әлемнің озық валюталарына қарағанда едәуір құнсызданды. Бірақ әділдік үшін атап өтуіміз керек, қазіргі таңда ол ТМД мемлекеттерінің бірқатар валюталарына қарағанда, өзінің тұрақтылығын сақтап келеді. Осының өзі елімізде қаржы несие саясатының дұрыс жолға қойылғанының айғағы болып табылады.
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Теңге тұғыры да тұрақты, ол өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты деп айтуға толық негіз бар. Әріптестерімді алдағы төл теңгеміздің 20 жылдық мерейтойымен қатар келетін қаржыгерлер меркесімен құттықтағым келеді. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Қайратбек СӘРСЕНБАЕВ,
облыстық қаржы басқармасының басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз