Идеологиялық актив жиыны өтті

75

0

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді Сырдария ауданында жүзеге асыру жұмыстарын талқылау мақсатында аудан әкімдігінде идеологиялық актив жиыны өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, Елбасы Жолдауының ерекшелігі мен маңыздылығы туралы кеңкөлемді баяндама жасады. Аудан көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстардың барысын түсіндіріп, Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты.
Идеологиялық актив жиыны барысында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева хабарлама жасады. Сонымен бірге, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі 10 бағыты егемен елді дамуға жетелейтінін атап өтті. Идеологиялық актив жиыны соңында тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз