«IZET» қорының игілікті ісі

141

0

Аймағымыздағы үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай қолдау
білдіріп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы «Лайықты қарттық»
жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда «IZET» қоғамдық қоры БҰҰ бағдарламасына
орай «Жергілікті халыққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметтер
көрсетуге ин­но­вациялық тәсілдерді енгізу арқылы игілік пен өмір сүру сапасын
көтеру” мақсатында «Зейнеткерлер мен мү­гедектерге әлеуметтік қызмет
көрсету аумақтық ор­та­лығы» мекемесіне физиотерапиялық кабинетті жаб­дық­тайтын
құралдар алып берді. Атап айтсақ, УЗТ Мед Теко, Алмаг, мүгедектерге арналған
арба, оттегі конденсаторы, массаж креслосы, пескография құрылғысы мен шахмат,
тоғызқұмалақ жиынтығы алынған. Бұл қарттар мен мүм­кіндігі шектеулі азаматтарға
арналған лайықты қамқорлық еді.

Аталған жабдықтарды қолданысқа енгізу мақса­тында
физиотерапиялық кабинеттің салтанатты түрде ашы­лу рәсімі өтті. Осы мекемеде
ем-дом алып жатқан қариялар мен кейуаналар жаңа құрылғылардың сапа­лы­лығына
мән берді. Салтанатты рәсімнен кейін «Мүм­кін­дігі шектеулі жандарға
ғимараттардың әлеумет­тік инфраструктурасының қолайлы әдістемесі» атты
семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар шараға облыстық жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеу­мет­тік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері, мемле­кеттік
сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызмет­керлері және мәдениет, білім,
кәсіпкерлік, құрылыс басқармаларының өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері
қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар мекемелердегі пандустың
мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықтап, стандартқа сай жасалуын үйрету және осы
сала бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру болып
табылады. Жетекші ғалым Н.Гелашвилидің
баяндамасынан кейін қатысушылар көп мекемелердегі пандустардың қызметіне
көңілдері тол­майтынын жеткізді. Және де стандартқа сай емес кей пандустардын
мүгедек жандар түгілі сау адам тайып жығылардай көріністері, кез келген мекеме
басшысына ой салуы қажеттігі айтылды. Тоқсан сөздің тобықтай түйінін тарқатқан
қатысушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын жоғары қоя отырып,
құрмет біл­діруге, мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі ша­раларға тоқтала
кетті.

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз