ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

183

0

«Тегіне
тартқан» дегенді естіген шығарсыз. Ризашылық сезімнен туындаған лебіз.
Әрі астарында зор
жауапкершілік жатыр. Бұл елге қадірлі атанған жанның соңындағы ұрпақтарына үлкен міндет жүктейді. Әке атағына дақ
түсірмеуді үндейді. Мақаламызды осылай өрбітуімізге себеп жеткілікті. Ендеше
мұқият құлақ түріңіз.

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛСәбит
Өтегенов – ауданға танымал кәсіпкердің бірі. Іргелі ұжым­ның басшысы. Аудандық
мәс­лихат депутаты. Үлгілі от­аға­­­сы. Байырғы құрылысшы. Құ­­ры­­лысшы
демекші осынау ма­ман­дық Сәбитке әкенің қа­ны­мен дарыған. Әкесі Рах­мет Қазақстанның құрметті құры­лысшысы, Қазалы
ауданының құр­метті азаматы болса, ана­сы Гүлсайран Әбіләкиева Қа­зақ­стан
Республикасының бі­лім беру ісінің үздігі еді. Иә, фәниден кімдер өтпеді дей­сіз.
Бірақ… Соңында өшпес із қалдырғандардың есімі мәң­гі өлмесі тағы рас. Рахмет
аға­мызбен жеңгеміз де осындай
жандардың қатарынан табыла­ды. Байсалды мінезді Рекеңді ел-жұрты еркелетіп
«Рахат» деп атап кеткен-ді.
Аралдың Құландысында қарапайым жұ­мыс­шы­лықтан басталған еңбек жолында Қазалы
ауданы әкімінің орынбасары лауазымына дейін жоғарылады. Десе де, таби­ғи қалпынан жаңылған жоқ. Қан­шама
биіктеген сайын әу бас­тағы кішіпейіл мінезінен танбады. Бұл сол тұстағы ел
басқарған азаматтардың көпші­лігіне тән қасиет болатын десем, қазіргі тізгін
ұстаған кейбір атқа­мінерлер шамдана қоймас. Осы ретте халқымыздың аяулы пер­зенті
Дінмұхамед Қонаевтың «Асып-таспадым. Шүкірлік жаса­дым. Өзімді сабырға ша­қыр­дым.
Биікке ұмтылдым. Ха­лық­тан аласа екенімді ұмыт­падым. Қайтып ашар есігімді
қатты жаппадым» деген да­на­лық сөзі жадыңа түседі. Ра­хат та осы ұстанымды
берік тұ­тынды.Үлкенге ізет көрсетті. Кі­шіге қамқор болды. Осындай
жанашырлығын кезінде мен де сезіндім.

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛІрі
кеңшарға жұмысқа жа­ңа орналасқан шағым. Мал қыстату науқаны басталды. Прораб
пен мастер қарбалас шаруамен Қа­ра­құмда жүр. Маған ша­руа­шылық
ауласындағы құры­лыс материалдарын
жедел қыр­ға жеткізу жүктелді. Автоба­за­лар­дан көлік алу үлкен күш­ке
түсетін. Директорымыз «Ле­нин» орденінің иегері Шынтас Жал­ғасбаев аудандық
атқару ко­митеті председателінің орынба­сары Рахат Өтегеновтің қабыл­дауына
барып мән-жайды ай­туды тапсырды. Еңселі ка­би­нетке әрең кіріп,
келген ша­руамды зорға түсіндіргенім есім­де. Олай болмағанда ше?! Мұр­ты енді
тебіндеген бозбала дөкейлерді күнде көріп жүр дейсіз бе? Обалына не керек,
ағамыз мені баласынған жоқ. Жылышыраймен қабылдады. Ша­руамыз оңынан тынды.
Міне ұлағаттылық. «Ұлық болсаң – кішік бол» деген осы.

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛСәбит
құрылысшы болуды жастайынан қалады. Оған кө­ке­сінің түрлі құрылыс меке­мелерінде
басшылық қызметте жүріп, сандаған ғимарат сал­ды­руы әсер етуі де мүмкін. Алып
нысан­дар­дағы қарбаласқан қи­мыл, қи­мылына көз ілеспейтін тас қа­лаушылар
мұның балаң қия­лында өшпестей жазылып қал­ды. Орта мектепті үздік ба­ғаға
бітірген Сәбит жүрегінің қа­лауын таңдады. Әкесіне ше­ші­мін жеткізгенде көкесінің
өңі қуаныштан бал-бұл жан­ды. Ғұмырының жалғасы жан де­генде жалғыз ұлы өзінің
жо­лына түссе, қалайша шаттан­басын.
Жанары жасаурай Шым­­кент­те­гі өзі
оқыған Қазақ химия-технология институтына құ­жат тапсыруға кеңес берді. Тағ­дыр
қайталанады деген рас екен. Сонау
жылдары өзі түлеп ұшқан жоғары оқу орнында, сол факультетте, өзіне білім
бер­ген ұстазынан арада ұзақ уақыт
өткенде ұлы дәріс аларын Рекең сезбеген еді. Қызығы, бұл тұста самайын қырау
шалған бір кездегі белсенді шәкіртін ұстазы Гончарев жазбай таныды. Сә­лем­дескен
жерден «Староста Утегенов» деп елжірей жымиды. Сәбиттің кеудесін әкеге арнал­ған
мақтаныш кернеді. Атағы Ала­таудай көкесінің есіміне еш­­қашан дақ түсірмеуге
іш­тей серт берді. Сонан бері Сәбит
уәдесінен таймауға ты­ры­сып-бағуда. Сәбиттің қызы Айымжан да атасының жолын
қуып, құрылысшы маман­дығын таңдады. Ұрпақтар сабақ­тас­ты­ғы дегеніміз осы
шығар.

Нақты
кезеңде Сәбит Өтеге­нов жетекшілік жасайтын
«МО-1» ЖШС өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан іргелі ұжым. Бұрын Қазалы
темір бетон бұйымдары мен конструкциялар зауыты атанып, Батыс Қазақстан те­мір
жол басқармасының құра­мын­дағы «Жол құрылысы» тре­сінің қарамағында болған се­ріктестік
кейін №2 Қазалы бө­лімшесі ретінде
қайта құрыл­ды. Аталмыш зауыт жылына он мың текше метр темір-бе­тон бұйымдарын
және конс­трук­цияларды өндіруге бейім­дел­ген. Негізінен мұнда құры­лысқа
қажетті материалдар әзір­ленеді. 2010 жылдан бас­тап «Жол картасы» бағдар­ла­масы
тұрғысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол құрылысына қажетті темір-бе­тон бұйымдарын
өндіруге бейімделді. Соған орай жалпы құны 120 млн. теңгені құрайтын құрылыс
өнімін шығару зауытын кеңейту мақсатында аумағы 3200 шаршы метрлік жаңа
алаң салынды. Оған қо­са қуатты
крандар, темір жол тұйы­ғы орналастырылды.

Бүгінгі таңда серіктестік
ұзын­дығы 18, 21, 24 метрлік бал­каларды стандарттарға сәй­кес дайындайды. Оған
қоса рес­публика аумағында жол-кө­пір құрылыстарына керекті темір-бетон бұйымдарымен қам­тама­сыз етуде.

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛҮдемелі инустриалды-ин­но­вациялық
бағдарлама ая­сында бірқатар жұмыстар қол­ға алынуда. Өндіріс көлемін ке­ңейту
мақсатында жүзеге асы­рылған «Жоғарғы кернеулі электр бағаналарын шығару» жо­басы соның айғағы. «LCI-MK» ЖШС-ның Бас директоры
М.Рау­шановтың бұйрығымен ау­дан көлемінде құрылыс ма­те­риалдарын өндірумен ай­на­лысатын
«МО-1» ЖШС-ның №2 Қа­залы полигоны «LCI-MK» ЖШС-ның Қазалы филиалы бо­лып
өзгертілуі де замана та­лабы. Филиал ағымдағы жыл­дың 10 айында барлығы 302,4
млн. теңгенің (20006,7 тонна) құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдарын
өндіргенін атап кету ләзім. Сондай-ақ өткен жылы «Бейнеу-Жезқазған» темір жол
магистралі мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық ав­то­көлік дәлізі
құрылыстарына қажетті бұйымдарды шығарып, тиісті кезеңдегі көрсеткіштердің
жоғары болуына өз септігін ти­гізді.

Қазіргі таңда серіктестік
тара­пынан аудан, облыс көлеміндегі әлеуметтік нысандардың құры­лыстарына
қажетті тапсырыстар қабылдауда олардың қатарында «РЗА» АҚ, «Болашақ», «Жылу
ХХІ», «СинеМидастрой» ЖШС жә­не тағы басқалары бар. Ын­ты­мақ-бірлігі жарасқан
ұжымнан жұртшылықтың күтер үміті де мол.

Жұмабек Табынбаев.

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз