Келесі жылы Қазақстаннан бірнеше халықаралық рейс ашылады

68

0

2018 жылы Астана – Вильнюс, Алматы – Рига, Астана – Бухарест жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«ТрансЕуразия-2017» Х халықаралық конференция аясында Азаматтық авиация комитеті жаңа әуе тасымалдарын ашуға байланысты бірнеше кездесу өткізді. Атап айтқанда, SCAT отандық әуе компаниясы 2018 жылдың мамыр айында Астана – Вильнюс бағытында халықаралық рейсін ашуды жоспарлап отыр», – деп жазды комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы.
Сондай-ақ, Рига – Алматы, Астана – Бухарест бағытына да рейс ашылуы мүмкін.
«Сондай-ақ, Air Baltic (Латвия) әуе компаниясы Рига – Алматы бағытына рейс ашуды жоспарлап отыр. Румыния елшілігінің ақпаратына сәйкес, «Таром» әуе тасымалдаушысы Астана-Бухарест рейсін ашуы мүмкін», – деп жазды Азаматтық авиация комитеті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз