КЕЙІНГІ ТОЛҚЫННЫҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

97

0

немесе
мемлекеттік жастар саясаты туралы

Жастар –
қоғамның стратегиялық ресурсы. Қазіргі заман жастары арасында көшбасшылар көп.
Олар қоғамды жаңалыққа үндейді және салауатты өмір сал­тын насихаттайды. Жаңа
технологияларды тез меңгеріп, қолдануға қабілетті. Қоғамның қолайлы дамуына өз
әсерін тигізеді.
2015 жылғы 9
ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес жастық шекарасы 14
пен 29-дың аралығы болып белгіленген. Бұл көрсеткіш бойынша Сыр халқының 27,5
%-дан астамын жастар құрайды.
Заңның
негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясатының жаңа форматын қалыптастыру. Осы
ретте жақын арада қабылданған Заңның тиімділігі мен өзектілігіне тоқталғым
келеді. Онда мемлекеттік огандардың жастар саясаты саласындағы құзыреті нақты
бекітіліп, алғаш рет «Қазақстан Жастары» Ұлттық баяндамасы түсінігі енгізіліп отыр.
Ұлттық баяндама жыл сайын ел Үкіметі арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа ұсынылады.
Негізгі мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін анықтап, оның шешу жолдарын
табу. Әрбір белсенді жас жастар саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары мен
бастамаларын жеткізе алады. Ұлттық баяндаманы әзірлеу кезінде ешқайсысы
ескерусіз қалмайды.
Республикамыздың
барлық өңірінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда институционалды жүйе
қалыптасып келеді. Барлық деңгейдегі әкімдердің жанында Жастар саясаты
жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Кеңес құрамында облыстық мәслихат
депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері бар.
Мемлекетіміздің
тұрақты даму үдерісіндегі шарттардың бірегейі – өскелең жас ұрпақты білікті,
білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті азамат етіп қалыптастыру. Осы мақсатта
«Болашақ» бағдар­ламасы, «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі»,
«Серпін-2050», «Жастар кадрлық резерві» жобалары жүзеге асырылуда.
2014 жылы
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 585 маман көтерме жәрдемақы алып,
442 маманға тұрғын үй алу немесе салу үшін несие берілді. Ағымдағы жылы аталған
бағдарлама аясында жоспар бойынша облыс көлемінде көтерме жәрдемақы алуға 442
маманды тарту,  тұрғын үй сатып алу
немесе салу үшін 359 маманға төмендетілген пайызбен несие беру жоспарланып
отыр.
Республикалық
«Мәңгілік ел жастары – индуст­рияға» жобасы нәтижесінде өңіріміздің 358 түлегі
жоғары оқу орындарында, 420 түлегі техни­калық және кәсіптік білім беру
мекемелерінде грант негізінде білім алуда.
Өткен жылы
республика бойынша алғашқылардың бірі болып өңірімізде жастар саясатын дамыту
бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілді. Соған сәйкес
өңірімізде жаңа бастамалар мен жастарға бағытталған түрлі бағыттағы әлеуметтік
жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, облыс әкімдігі тарапынан қоғамдық
істерге белсене араласып жүрген түрлі санаттағы жастарды және әр саланың үздік
жастарын ынталандыру мақсатында жыл сайын облыс әкімінің облыс жастарына
арналған «Сыр үміті» сыйлығын беру дәстүрге айналды.
«Мемлекеттік
жастар саясаты туралы» Заңда көрсетілген мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыттарының бірі – «Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету,
ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту» бойынша аймақтың қажеттілігіне орай
2013-2014 оқу жылдарында техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 22 жаңа
мамандық қолданысқа енгізілді. Осы ретте Беларусь республикасында қызыл­ордалық
115 инженер-педагог біліктілігін арттырып келді.
2013 жылы
тұрмысы төмен отбасынан шыққан 123 оқушыға, 2014 жылы 240 оқушыға (232
бакалавр, 8 магистр) облыс әкімінің гранты тағайындалып, бүгінде олар еліміздің
үздік оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ екіжақты келісім бойынша 107
мектеп бітіруші Ресей Федерациясының гранты есе­бінен Мәскеу қаласындағы Ұлттық
технологиялық зерттеу, Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлі
технологиялық университеттерінің грант иегері атанды.
Сыр жастары
өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуінде биыл да
мектеп бітірушілердің Мәскеудің К.А.Тими­рязов атындағы Ресей мемлекеттік
аграрлық универ­ситеті, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, И.М.Губкин
атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті сынды оқу орындарында
грант негізінде білім алу мәселесі бойынша келіссөздердің жүргізіліп жатқанынан
хабардар болды. Бұл – өз кезегінде жастарымыздың ғылыми-техникалық әлеуетін
дамытудың таптырмас жолы.
Жұмысқа
орналасу мен жұмыспен қамту үшін жастарға жағдай жасау – мемлекеттік жастар
саяса­тының негізгі бағыттарының бірі. Сол бойынша биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына
1000 сарбаз, құрылыс еңбек жасағына 300-ден астам жас, педагогикалық еңбек
жасағына 40 жас тартылады. Бұл бағытта өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының
қызметін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып,
1010 жас маусымдық жұмыспен қамтылған болатын. Жастар құрылыс жасағына 281 жас
тартылып, оның 28-і тұрақты жұмысқа орналасты. Педагогикалық жасақ құрамында 40
жас тәлімгер еңбек етті.
Биыл
жастарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік тудыру мақсатында «Жастарды қолдау
орталығы» МКМ арқылы жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша
көшпелі кеңес беру шаралары ұйымдастырылуда. Шара жыл бойы жалғасады.
Өткен жылы
облыс әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында жастар ұй­ым­дары
экстремалды спортпен айналысатын жастар­ға арнап әлеуметтік парк салу туралы
ұсыныс кө­тер­ді. Нәтижесінде аймақ басшысы Қырымбек Көшер­баевтың қолдауымен
облыс орталығында бюджеттен тыс қаржы көздерінен әлеуметтік парк салынып,
бүгінде ол жастардың бос уақытын тиімді өткізетін алаңына айналды.
Сонымен
қатар Заңда пайдаланылатын негіз­гі ұғымдардың бірі – жас отбасы. Бұл –
ерлі-зайып­тылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі
тәрбиелейтін толық емес отбасы. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа сәйкес
«Жастарға және жас отбасыларға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық кеңес беруді
қолдау бойынша ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын
жүзеге асыру жоспарлануда.
Арамызда
мүмкіндігі шектеулі жастар да бар. Оларды қоғам өміріне араластыру мақсатында
өткен жылы арнайы әлеуметтік қызмет ұйымдастырылды. Соның аясында мүмкіндігі
шектеулі жастардың «Ән бізді біріктірді» атты республикалық шығармашылық
фестивалі өтті.
Жаңа Заңда
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті ор­ганның құзыреті нақтыланып, жастар арасында
кә­сіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыты ретінде қарасты­рылып отыр. Биыл «Қызылорда облысында жастар арасында
кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2015-2016 жылдарға арналған Жол картасы»
бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
Өңірімізде
жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» ая­сында
ағымдағы жылы әртүрлі санаттағы жастарға бағыт­талған 16 әлеуметтік жобаны
жүзеге асыру жоспарлануда.
Елбасының
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көрсетілгендей, Қазақ
хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы
Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай жастар
және жастар ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарда бар.
Жастардың
өзекті қажеттіліктері мен қызығушы­лық принциптері жастар саясатының негізі
болуы тиіс.
 
Еркебұлан МЕҢЛІБАЕВ,
облыстық ішкі саясат басқармасы
басшысының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз