КӨГАЛДАНДЫРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

35

0

Жылдағы дәстүр бойынша Арал ауданында көктемнің алғашқы күнінен бастап көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алуда.
Қалаға кіреберістегі жасыл белдеуге бес жүз түп ағаш егілуі соның дәлелі. Ағаш отырғызу сауапты іс екенін ескерсек, бұл күні аудан әкімі мен мемлекеттік құрылымдардың басшы қызметкерлері де қолдарына күрек алып, өзгелерге үлгі көрсетті. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын” демекші алғашқы көшетті ауданның әкімі Мархабат Жайымбетов өзі бас болып отырғызды. Аумағы 1,7 гектар болатын белдеуге жергілікті жердің табиғатына бейімделген қара ағаш пен терек егілді. Айта кетерлігі, осы жердегі егілген ағаштар алдағы уақытта  тұрақты бақылауда болып, ерекше күтім жасалады. Мұндай игілікті іс енді орталық мешіт маңында жалғасын таппақшы.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз