Киелі аңға мылтық кезеген

50

0

Қармақшы аудандық сотында ҚР Қылмыстық
кодексінің 290-бабымен айыпталған М. мен И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Олар Байқоңыр ғарыш айлағы ау­мағынан өздері аулаған
ақбөкеннің етін И.-дің «Нива” көлігіне салып алған сәтінде қолға түскен.

Осы қылмыстық іске жан-жақты баға бере келе, сот бұрын
сотты бол­маған олардың кінәсін толық мой­ындап, жасаған әрекеттеріне өкі­нетін­діктерін,
сотталушылардың қоғамға қау­іпті емес екендіктерін және оларды қайта
тәрбиелеуге мүмкіндік барын ескеріп, әрқайсысына екі жылдан бас бостандығын
шектеу жазасын та­ғай­ындаған.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз