КӨЛ МЕН ТЕҢІЗ КӨЛ-КӨСІР ПАЙДА

253

0

КӨЛ МЕН ТЕҢІЗ КӨЛ-КӨСІР ПАЙДАЫ.Жақаев
атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тренинг
орталығында облыс әкімдігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы орталығы, Халықаралық Аралды құтқару қорының
Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясы, Арал-Сырдария бассейндік
кеңесінің ұйымдастыруымен «Арал теңізі өңірінде жасыл экономиканың принциптері
шеңберінде балық шаруашылығының тұрақтылығын қалыптастыру” тақырыбында
республикалық семинар өткізілді. Оның жұмысына облыс әкімінің орынбасары Серік
Қожаниязов, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталия Зарудная және
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, аудандар әкімшілігінің өкілдері мен
ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары және балық шаруашылығына қатысты
басқармалар басшылары мен мамандары қатысты. Семинарды Ы.Жақаев атындағы ҚазҒЗИ-дың
бас директоры

Серікбай Өмірзақов
жүргізіп отырды.

 Семинарды ашқан облыс
әкімінің орынбасары С.Қожаниязов оған қаты­сушыларға сәттілік тілеп, бұл
басқосу облыстың балық шаруашылығын да­мы­туға зор үлес қосатынына се­нім
білдірді. Жалпы семинардың бас­ты мақсаты Арал өңірінде жасыл эконо­мика
принциптері негізінде балық ша­руа­шылығын тұрақты дамытуды қа­лып­тастыру
жөнінде өзара пікір ал­масып, бірлескен ұсыныстар әзірлеу көз­делген.
Шындығында, бүгінде об­лыс­та балық шаруашылығын дамы­туға ерекше басымдық
беріліп отыр. Ел­басының бастамасымен қолға алын­ған «Сырдария өзенінің арнасын
реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтап қалу” жобасының бірін­ші
кезеңі жүзеге асумен облыста ба­лық шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік ашылды.
Соңғы бес жыл­да облыста балық аулау 4,5-5 есе, ал, Кіші Арал теңізінде 17
есеге арт­ты. Бүгінде Көкарал бөгетінің салы­нуымен Арал теңізінің қалыпқа
келуі мен оның шаруашылық жүргізу ма­ңыз­дылығы арта түсті. Кіші теңіздің тұщы
сулы аймағында өсетін балық түрлері көбейді. Облыста балық шаруа­шылы­ғын
дамытуға су қоры жеткілікті. Бұл балық шаруашылығы мен оны ау­лауды жеделдетіп
дамытуға жол ашады.

КӨЛ МЕН ТЕҢІЗ КӨЛ-КӨСІР ПАЙДА«САРАТС-2” жобасы іске
асқанда бұл сала жұмысы қазіргісінен де жан­дана түседі. Бүгінде облыс басшы­лығы
балық шаруашылығын, соның ішінде тауарлы балық өндіруді арт­тыру мен оның
өнімін молайтуды, көлдерде тауарлы шаруашылықтарды құру мен балық өнімін
өндіруде бұрын пайдаланылмаған қорларды қажетке жаратуды міндет етіп қойып
отыр. Мұнан басқа суды аз пайдаланып, одан жақсы өнім алатын қазіргі заманғы
технологияларды ендіру мен балық шаруашылығына бекітілген су қоймаларының санын
арттыру мен оны ұзақ мерзімге пайдаланып, балық аулау көлемін арттыру да
жоспарланып отыр. Қалай айтқанда да, біздің облыста балық шаруашылығы саласын
дамытуға зор мүмкіндіктер бар.

Мұнан кейін сөз алған
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және
жануарлар әлемі комитетінің бас сарапшысы Алмас Асылбеков қазіргі балық
шаруашылығының жағдайы мен оны болашақта ұлттық деңгейде дамыту жайына және бұл
бағыттағы нормативтік-құқықтық мәселелер жө­нін­де айтып берді. Ал өз кезегінде
Қа­зақстан Республикасы Аралды құт­қару жөніндегі халықаралық қордың ат­қарушы
директоры Медет Оспанов се­минарды ЕҚЫҰ-мен бірлесіп өткі­зіп отырғанын
жеткізді. Баршаға бел­гілі бұл ұйым 50-ден астам мемле­кеттің басын біріктіріп
отыр. Осы өткізіліп отырған ғылыми-зерттеу инс­­титутындағы тренинг-орталықты
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы арнайы қазіргі заманғы техникалармен жабдықтап,
ашып отыр. Алдағы уақытта мұнда ұйымға кіретін мекемелердегі қызметкерлердің
біліктілігін арттыруға да көңіл бөлінетін болады. Ал бүгінгі басқосудың мақсаты
су қорларын қалай пайдалану керек, сондай-ақ, балық қорын молайту мен Кіші Арал
теңізін сақтау мәселелері негізгі әңгіме өзегіне айналмақ. Әсіресе, бұл жолы
тауарлы балық шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан да оған
облыс басшылығы мен балық шаруашылығы саласының мамандары ерекше қызығушылық
танытуда. Осы мақсатта семинарға ғы­лыми-зерттеу институттарының ға­лым­дары
мен тәжірибелі сала ма­мандары қатыстырылуда. Сөз жоқ қазіргі пікір алысулардың
қызғылықты болуы соншалық, алдағы уақытта ол нақты шешімдер қабылдауға жол
ашады.

– Қоғамда адам мен
табиғаттың тікелей байланыста болатынын сезіне білу керек, – деді өз
баяндамасында ЕҚЫҰ-ның Астана орталығының елшісі Наталья Зарудная. – Бұл біздің
жасыл экономикаға көшуімізге кеңінен жол ашады. Осы мақсатқа жету үшін үздік
тәжірибелерді қолданысқа енгізіп, жаңа технологиялар мен ғылыми жұ­мыстарды
ұтымды пайдалана білу керек. Сонымен қатар жұмыс іс­теу барысында ұлттық және
өңірлік деңгейдегі әріптестікті нығайтудың да маңызы зор. Осы мақсатта ЕҚЫҰ-ның
қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу
институтынан тренинг орталығы ашылды. Енді қызығушылық танытқандар болса, осы
орталықтан су ресурстарын басқару жөніндегі ақпараттарды біле алады. Оның облыс
экономикасын дамытудағы алар орны ерекше болмақ.

Алдағы жылды Қазақстан Су
жылы деп жариялады. Бұл құптауға тұрарлық жайт. Өйткені бұл бағытта өңірлерде
халықаралық нормаларды сақтай отырып, үздік деген тәжіри­белерді бірлесіп
жүзеге асыруға жол ашылады. Бірлескен істің Арал өңірі үшін тигізер пайдасы мол
болмақ. Климаттың қолайсыз жағдайы мен өндіріс саласының тынымсыз жұмыс істеуі
ішетін су қорының азаюына және табиғаттың ластануына әкеп соқтыруда. Сондықтан
да бүкіл әлемде күрмеуі қиын мәселеге айналған бұл мәселе адамдардан нақ­ты
шешімдер қабылдауға мәжбүр ету­де.

КӨЛ МЕН ТЕҢІЗ КӨЛ-КӨСІР ПАЙДАСеминарда «Шарткен ата” қо­ғам­дық
ұйымының директоры, бұрын­ғы Балық министрі Құдайберген Сар­жанов бұл өзекті
мәселенің нақты уақы­тында көтеріліп отырғанын жет­кізді. Оның айтуынша,
тұрақты балық шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Осы орайда Арал өңірінде ба­лық
өсіруге ыңғайлы көлдер жүйесі жетерлік. Тек оларды осы салаға бейімдеп, жұмыс
істете білу керек. Ондай көлдерге шабақтарды жіберіп, жемін уақытылы беріп
тұрса, онда ол жерлерден аз ғана уақыт ішінде төрт-бес мың тоннаға дейін балық
аулауға болады. Ал бұл істі жүйелі жүргізу үшін біріккен кәсіпорындар ашудың да
маңызы зор. Қалай дегенде де, біз Қызылорданың күрішімен мақтанамыз. Облыстың
балық шаруашылығын да сондай деңгейге жеткізуге болады. Негізі Аралдың
балығымен асқақтаған кезі өткен өмірде сайрап жатыр. Сондай биіктікті қайта
қалпына келтіру керек. Өйткені Арал теңізі, оның балығы біздің мақтанышымыз
болып қала береді.

Жалпы семинарда өз
ұсыныс-пікірлерін білдірген ғалымдар мен сала мамандары климаттың өзгеруі
жағдайында балық шаруашылығын дамыту мен Арал-Сырдария бассейнде балық
кластерін дамытудың бары­сы және Кіші Арал теңізінде балық түрін көбейту
мәселелері жөніндегі ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, жиында ауыл және балық
шаруашылығын дамытуда жасыл экономика принциптеріне бей­ім­деу мен жергілікті
жерде балық ау­лау барысында экологиялық таза жаб­дықтарды пайдалану жайы, Кіші
Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысында экологиялық жүйені сақтау
және тауарлы балық өндіруді арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Жалпы
бұл семинар Арал өңірінде балық кластерін дамытуға жаңа қарқын береді деп
күтілуде.

Осы күні семинарға
қатысушылар Сырдария ауданының Шіркейлі ауылын­дағы «Мәді Қажы” ЖШС-ның «Мал
бор­дақылаудың жаңа моделін жүзеге асыру және жасыл технологияларды қолдану
арқылы жем өндірісін ұлғайту” пилоттық жобасымен танысты. Бұл жобаны серіктестік
облыс әкімдігі, ПРООН, Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы
дирекциясымен, «Қуат” және Буроводстрой” ЖШС-мен тәжірибе ретінде жүзеге
асырмақшы. Осы мақсатта күн және жел көздерінен электр энергиясын өндіретін
генераторлар, тұқым сатып алынып, ұңғыма қазылған. Сөйтіп, су көтергіш насостар
мен резервуарлар іске қосылып, суғару пункттері салынған. Қазір мұнда 100 бас мал бар. Алдағы уақытта оның
саны арттырыла түседі. Облыста жасыл технологияны ендіруге бағытталған бұл жоба
семинарға қатысушылардың көңілінен шықты. Әрі мұндай жобаларды балық
шаруашылығы саласын дамыту үшін өндіріске енгізу қажеттігі де айтылды.

 

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз