КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ТОСҚАУЫЛ БОЛАЙЫҚ

59

0

Елбасымыз мемлекеттік саясаттың бас­ты
бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру белгіленген. Бүгінгі
күні салық органдары басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2011-2015
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің салааралық
бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарламаның шеңберінде ұлттық заңнаманы
жетілдіруге, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту,
көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру-құқықтық
шаралар көзделген. Сыбайлас жемқорлық «көлеңкелі» экономикаға жағдай
жасайтынына және оның субъектілеріне қолдаушылық көрсетеді, ал «көлеңкелі»
бизнес көлемінің өсуі өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты ынталандырады.

Заңсыз ақша айналымы, көлеңкелі
экономика аса күрделі бағытқа айналды. Әлемнің көптеген елдерінде көлеңкелі
экономиканың күрделенгені соншалық, дамушы елдердің жалпы ішкі өніміндегі (ІЖӨ)
оның үлесі 40-45 пайызға жеткен. Ал Қазақстанның Жалпы ішкі өніміндегі
көлеңкелі экономиканың үлес салмағы 20 пайызды шамалайды. Бұл – ресми статистика.

Сарапшы мамандар көлеңкелі бизнестегі
қаржының орасан көбеюін, қолма-қол ақшаның бақылаудан шығып кетуімен
байланыстырады. Үкімет те еліміздегі қолма-қол ақша көлемін қысқартуға құлықты.
Себебі банк шотындағы ақшаны бақылау әлдеқайда оңайырақ. Негізі­нен, әртүрлі
бағалаулар бойынша, еліміздегі көлеңкелі пайда, экономикадағы заңды табыс
көлемінің тең жартысын құрайды екен. Бұл – алаңдарлық деңгей. Көптеген
мемлекетте 1-3 мың доллардан жоғары сауда жасауда, қолма-қол ақшамен есеп
айырысуға тыйым салынған.

Экономистер қаржыны көлеңкеден шыға­ра­тын болсақ, ішкі
жалпы өнімді екі еселеу арқылы, әлеуметтік бағдарламаларды мерзіміне жеткізбей
орындауға мүмкіндік бар екенін айтады. «Себебі көлеңкедегі қаржыдан салық
түспейді. Онымен тұрғын үй салынып, кәсіпорын құрылып жатқан жоқ. Оның қызығын
тек қана таңдаулылар, өз көңіл күйіне қарай көруде» дейді. Оған Үкімет қана
емес, қоғам болып қарсы көтерілуіміз керек. Қоғамдық сана мұны қабылдай
алмайтын жағдайға жеткенде ғана оның ықпалы әлсірейді.

Аманжол МЫХАНОВ,

облыстық салық департаменті
ведомстволық бақылау басқармасының бас
маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз