КӨМБЕДЕН КӨНЕ АҚША ТАБЫЛДЫ

146

0

Шиелінің Бидайкөл ауылы тумасы Жасұлан Омаров жер қазамын деп қазынаға
тап болды.

Есік алдындағы алаңқайға түрлі дақылдар мен жеміс ағаштарын екпекші
болған ол, құнды қағаздарға тап болармын деп әсте ойламаған. Жер ойып, топырақ
тасып, аяқ су жеткіземін деп терлеген ол, жер қыртысынан қаңылтыр қорапша тауып
алады. Ашса, целлофанға оралған бума-бума ақша. 1905-1916 жыл аралығында
шығарылған заемдар мен рубльдер.

Өткен аптада Жасұлан Шиелі аудандық «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру
тарихы музейі» директоры Құттықыз Ыхановаға табылған ақшаларды табыстады. «Бұл
өткеннен қалған бір естелік, көп кездесе қоймайтын жәдігер. 15 қараша – Теңге
күніне орай мұражайда ақшалар жайлы үлкен көрме ұйымдастырылмақ және аудан
мектептерінде көшпелі көрмелер өткізіледі. Осы көрмелерде аудан тұрғындары
ескінің көзі ретінде, ата-бабаларымыз ұстаған ақшаларды тамашалай алады» –
дейді мұражай директоры Қ.Ыханова.

 

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз